Меню

Страницы

Статья

Энтеробиоз дегеніміз не?

Энтеробиоз - паразиттік құрттардан (гельминттер) - туындайтын жұқпалы ауру. Қазақстан Республикасындағы паразиттік аурулар құрылымында бірінші кезекте балаларды зақымдайтын энтеробиоз - басты паразитоз болып табылады. Энтеробиоздың таралу кеңдігі құрттардың жоғары контагиоздылығына және берілу жолының жеңілдігіне байланысты.

Энтеробиоздың пайда болу себептері. Энтеробиоздың пайда болуына құрттар, ал инфекция көзіне ауру адам себеп болады. Негізгі берілу жолы – қарым-қатынас арқылы. Алғашқы зақымдалу лас қолдар арқылы жүреді. Жануарлар (жүн арқылы), шыбындар мен тарақандар (аяқ-қолдары арқылы) ықтимал механикалық тасымалдаушылар бола алады. Аурудың жұқтыруы мен дамуы кезінде реинвазия (өзіндік ластанған қолдар арқылы жұмыртқаның аузына қайта түсуі) және ретроинвазия (жұмыртқаның анальды саңылауда жетілуі және олардың тік ішекке қайта орын ауыстыруы) болуы мүмкін. Гельминт жұмыртқалары сыртқы ортада өте тұрақты, 2-4 апта бойы жұқтыру қабілетін сақтайды, дезинфекциялау құралдарының әсерінен бірден өлмейді.

Энтеробиоздың белгілері. Энтеробиоздың инкубациялық кезеңі (асқазан-ішек жолына жетілген жұмыртқалардың түсуінен бастап аурудың алғашқы белгілеріне дейін) 3-6 аптаны құрайды. Осы уақыт ішінде жұмыртқадан дернәсілдер шығып жетіледі, олардың тіршілік циклі шамамен 28-30 күнді құрайды. Жіңішке ішектің соңғы бөлімінде және қалың ішектің бастапқы бөлімдерінде құрттар жетіледі. Аталық, аналықтары жыныстық жағынан жетілгеннен кейін жұптасады, содан кейін аталықтары өледі, ал аналықтар қалың ішек бойымен жылжып, аналь тесігі арқылы жүреді, жұмыртқаларын мезгіл-мезгіл қатпарларға салады және өледі.

Бұл - анальды тесіктің айналасындағы қышу энтеробиоздың ең алғашқы белгісі. Ол көбінесе кешке немесе түнде үш-төрт күн бойы мазалайды. Қышу ұйқыны бұзады, адам тітіркенеді, түнде зәрді ұстамау (энурез) және жиі түнде зәр шығару (никтурия) пайда болуы мүмкін. Егер реинвазия болса, қайталама қышыну белгісі 2-3 аптадан кейін пайда болады. Анальды саңылаудың айналасындағы тарамдар аясында тесіктер, жарықтар қалыптасады. Өзінің тіршілік циклінен өту арқылы құрттар ішек қабырғасының ішкі қабығына зақым келтіреді, шырышты қабатта эрозиялар - беттік ақаулар және ұсақ қантамырлардың жарылуы пайда болады. Гельминттер ішек қабырғасына тереңірек енген кезде қабыну түйіршіктері қалыптасады. Тіршілік ету және құрттардың ыдырау өнімдері ішек микрофлорасының бұзылуына әкеледі, ағзаға уытты әсер етеді, аллергия туғызады. Ішектің ас қорыту қызметі бұзылады.

         Осының салдарынан: тәбетінің бұзылуы, кіндік айналасы мен іштің төменгі бөліктеріндегі ауырсынулар, іштің кебуі және құрылдауы, үлкен дәреттің жиілеуі, нәжіс түрінің бұзылуы (шырыштың қоспасымен ботқа тәрізді болады), жүректің айнуы секілді белгілер пациентті мазалайды.

Алдын алу. Балаларға қолдар мен тырнақтардың тазалығын сақтау қажет: таңертең және түнде перианальды аймақты сабынмен міндетті түрде жуу; тырнақтарды кеміру әдетінен бас тарту, түнде міндетті түрде іш киіммен ұйықтау және оларды күнделікті ауыстыру, төсек әбзелдерін жиі ауыстыру, оны ыстық үтікпен үтіктеу; жиі жуыну, үй-жайды ылғалды жинау, жеке пайдалану және тұрмыстық заттарды ыстық сумен залалсыздандыру. Ересектерге қолдарын сабынмен тамақ алдында, дәретханаға барғаннан кейін, ұйықтағанға дейін және одан кейін мұқият жуу, жеке гигиена, күнделікті ауысым немесе төсек әбзелдерін ыстық үтіктеу ережелерін қатаң сақтау қажет.

 

Дата публикации
05 июня 2023
Дата обновления
05 июня 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
Биологиялық белсенді тағамдық қоспалар: тұтынушы нені білуі керек?
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Жұмыс орындарында химиялық уланудың алдын алу шаралары
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Ботулизмнің алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы