Меню

Страницы

Статья

Өндірістік объектілерде өндірістік бақылауды ұйымдастырудың ерекшеліктері

Өндірістік бақылау – өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам және оның тіршілік ететін ортасы үшін қауіпсіздігін және зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар. 

Өндірістік бақылаудың мақсаты, объектіде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және жүргізу жолымен өнімнің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігін және зиянсыздығын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегі  «Халық  денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі  туралы» Кодексінің 51 бабының 2-тармақшасына сәйкес өндірістік бақылауды қамтамасыз ету дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаның басшысына жүктеледі.

Өнеркәсіптік объектілерінде жүргізілетін зертханалық-аспаптық өлшеулер:

  • Жұмыс аймағының ауасы, айқындалатын көрсеткіштер: шаң, күкірт қышқылы, хлорлы сутегі, фенол, формальдегид, ацетон, азот диоксиді және т.б.
  • Санитариялық қорғаныш аймағы, айқындалатын көрсеткіштер: зертханалық және аспаптық зерттеулер.
  • Физфакторларды аспаптық өлшеулер, айқындалатын көрсеткіштер: жарықтандыру параметрлері (кешенді), микроклимат (кешенді), шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, жалпы /жергілікті діріл, тұрақты магниттік өріс және т.б.
  • Ағынды су, айқындалатын көрсеткіштер: техникалық талаптарға сәйкес химиялық көрсеткіштер (жарты жылда 1 рет).
  • Ауыз суды зерттеу, айқындалатын көрсеткіштер: бактериологиялық көрсеткіштер (жылына 1рет), қысқа химиялық талдау (жылына 1 рет).
  • Міндетті медициналық қарап тексерулер, айқындалатын көрсеткіштер: зерттеп-қараудың толықтығы, уақтылығы (жарты жылда 1 рет).

Өндірістік және радиациялық қауіпті объектілерде жүргізілетін өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпарат аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармаларына жарты жылда 1 рет кейінгі айдың 5-күніне ұсынылады.

   Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегі  «Халық  денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі  туралы» Кодексінің 45-бабының 3-тармағына сәйкес өндірістік бақылау нәтижелері, оның ішінде есептілікті жібермей бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды тағайындау және жүргізу үшін негіз болып табылады, кейіннен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен профилактикалық бақылау жоспарына енгізіледі.

Дата публикации
01 июня 2023
Дата обновления
01 июня 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
Биологиялық белсенді тағамдық қоспалар: тұтынушы нені білуі керек?
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Жұмыс орындарында химиялық уланудың алдын алу шаралары
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Ботулизмнің алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы