Меню

Страницы

Статья

Демалушыларға ескерту

Көптен күткен жыл мезгілердің бірі – жаз келіп, шомылу маусымы басталады. Адамдардың көбі жаз мезгілінде демалыс алып жанұясымен «Алакөл», «Балқаш» көлдеріне немесе басқа да демалыс орындарына барып демалғанды жөн көреді. Бірақ таңдалған жер және шомылуға арналған су айдынның суы ең алдымен қауіпсіз болуы керектігін есте сақтау қажет.

Бүгінгі күні Жетісу облысының санитарлық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының бақылауында «Алакөл» көлінің бойында 74, «Балқаш» көлінің бойында 10 демалыс аймақтары бар.

Су айдындарындағы судың және жағалаудағы топырақтың құрамы бойынша қауіпсіздігі Біздің бақылауымызда тұр. Шомылу маусымы басталар алдында «Алакөл» мен «Балқаш» көлдерінен микробиологиялық және санитариялық – химиялық көрсеткіштерге 39 су сынамасы және 39 топырақ сынамасы, паразитологиялық көрсеткіштерге 30 су сынамасы және 39 топырақ сынамасы алынып зерттелді. Жүргізілген зертханалық зерттеулердің нәтижелері гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді.

Демалыс аймақтарында алаңдатушылық туғызатын мәселелердің бірі – кейбір демалушылардан кейін жиналмай қалатын қоқыстар. Мұндай немқұрайлықтың салдарынан су айдындары мен жағалаудағы топырақ ластанады және демалушылардың жұқпалы, паразиттік ауруларды жұқтыру қауіпі жоғары болады.

Тазалықты сақтау өзімізден басталатындығын ескерсек, осы сәттен бастап өзіңізді, балаларыңызды, жақындарыңызды тазалық сақтауға және қоршаған ортаға жылулықпен қарауға шақырыңыз!

Барлықтарыңызға сәтті және жақсы демалыс болсын!

 

Дата публикации
31 мая 2023
Дата обновления
31 мая 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
Биологиялық белсенді тағамдық қоспалар: тұтынушы нені білуі керек?
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Жұмыс орындарында химиялық уланудың алдын алу шаралары
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Ботулизмнің алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы