Меню

Страницы

Статья

Маусымдық жазғы лагерьлерде балаларды сауықтыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерге ұсынымдар

Балаларды сауықтыру ұйымдары эпидемиялық маңызы жоғары объектілерге жатады. Маусымдық жазғы лагерьлерде балаларды сауықтыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар объектілерді пайдалануға беру алдында санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына өтінішпен жүгінеді. Бұл мемлекеттік қызмет «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес көрсетіледі.

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды – мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін куәландыратын құжат.

Балалардың сауықтыру лагерін ашу үшін қандай шаралар қабылдау керек?

Лагерьлерде жазғы сауықтыру маусымының ашылуының алдында жөндеу-қалпына келтіру және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады және жүргізіледі:

1) үйлерді жөндеу жұмыстары (ағымды/күрделі жөндеу жұмыстары);

2) инженерлік желілердің, желдету және ауа баптау жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігін тексеру;

3) ауыз суды зерттей отырып, сумен жабдықтау құрылыстары мен желілерін профилактикалық жуу және дезинфекциялау;

4) аумақты тазалау және абаттандыру;

          5) профилактикалық дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізу;

6) зертханалық-аспаптық зерттеу жүргізу (ас блогынан ауыз су сынамалары: бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулерге; жабық жүзу бассейндері мен ванналарынан, жағажайлардан бактериологиялық, санитариялық-химиялық, вирусологиялық, паразитологиялық зерттеулерге су сынамалары; топырақ, құм: паразитологиялық, бактериологиялық көрсеткіштерге);

7) сауықтыру науқаны басталар алдында және әрбір ауысым аяқталғаннан кейін техникалық персонал күрделі жинау жүргізу;

8) жазғы сауықтыру лагеріне жұмысқа қабылдау алдында персонал міндетті, профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтуді, медициналық қарап-тексеруден және гигиеналық оқытудан өткенін куәландыратын құжаттың болуын қамтамасыз етеді.

Балалардың сауықтыру объектілері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығымен бекітілген «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Дата публикации
19 мая 2023
Дата обновления
19 мая 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
Биологиялық белсенді тағамдық қоспалар: тұтынушы нені білуі керек?
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Жұмыс орындарында химиялық уланудың алдын алу шаралары
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Ботулизмнің алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы