Меню

Страницы

Статья

Балаларды сауықтыру объектілерінде жіті ішек ауруларының алдын алу

Жіті ішек жұқпалары – әртүрлі микроорганизмдермен, қарапайымдылар, бактериялар, вирустармен шақырылатын, асқазан-ішек жолдарының зақымдалуымен өтетін жіті жұқпалы аурулардың тобы. Жылы климаттың микроорганизмдердің көбеюіне қолайлы әсер етуіне байланысты жаз мезгілінде жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылық деңгейі жоғары. Әсіресе балалар жіті ішек инфекцияларына бейім болады.

Жедел ішек инфекциялар ластанған тамақ, су, тұрмыстық заттар: ыдыс-аяқ, ойыншықтар және т.б. арқылы таралады.

Балалардың сауықтыру объектілерінде ішек жұқпаларының тіркелуін болдырмау мақсатында келесі шаралардың орындалуын қамтамасыз ету өте маңызды, олар:

  • ауыз су режимінің болуы;
  • балалар мен персоналды жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз ету;
  • үй-жайларда күнделікті сапалы ылғалды жинастыру жүргізу; балалардың тұрақты болуына арналған үй-жайлардың, дәретханалардың, ас блогының жинау мүкәммалын бөлек қолдану;
  • объектінің тиісті материалдық, санитарлық-техникалық жай-күйі, инженерлік коммуникациялардың болуы және жарамдылығы (су құбыры, кәріз, желдету жүйелері, электр көзімен жабдықтау және т.б.);
  • медициналық тексеруден өткен, гигиеналық оқытылған және жауапты қызметкерлердің болуы;
  • ас блогында тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын қабылдау, сақтау шарттарына, жарамдылық мерзімдеріне, тамақ дайындау технологиясына қойылатын талаптарды қатаң сақтау;
  • көкөністер мен жемістердің өңделуін бақылау;
  • ас блогының барлық қызметкерлері, тәрбиешілер, тәлімгерлер, қызмет көрсетуші персонал және лагерь балалары жеке және қоғамдық гигиена ережелерін қатаң сақтауға міндетті;
  • азық-түлік пен шикізаттың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуы;
  • диеталық тамақтануды және тамақтан уланудың алдын алуды қамтамасыз ету үшін балалардың тамақтануы бекітілген мәзірге сәйкес, тамақ өнімдерін аспаздық өңдеуді, балаларға арналған тағамдар мен аспаздық өнімдердің рецептурасна сәйкес дайындалуы керек.

         Қалай болғанда да, балалардың жазғы демалысы олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, денсаулығын нығайтуға және аурулардың алдын алуға, дене шынықтырумен, спортпен және туризммен айналысуға, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға, санитарлық-гигиеналық шараларды орындау кезінде қолайлы ортада тамақтану мен өмір сүру режимін сақтауға мүмкіндік беретін етіп ұйымдастырылуы керек.

 

Дата публикации
19 мая 2023
Дата обновления
19 мая 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
Биологиялық белсенді тағамдық қоспалар: тұтынушы нені білуі керек?
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Жұмыс орындарында химиялық уланудың алдын алу шаралары
Пайдалы ақпарат
30 сентября 2026
Ботулизмнің алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы