Жазғы маусымда күннің ыстық болуына байланысты, кейбір адамдар, әсіресе балалар субұрқақтарындағы сумен салқындағанды жөн көреді. Субұрқақтар шомылуға емес, эстетикалық мақсаттарға арналған.
Су бұрқақтарында шомылу қауіпсіз емес, біріншіден су астындағы плиткалардан тайып құлауға болады. Екіншіден, су бұрқақтарына әртүрлі жұқпалы және паразитарлық ауруларды тасымалдауы мүмкін құстар мен қаңғыбас иттер түседі. Су бұрқақтарындағы судың бассейндерден айырмашылығы су үнемі ауыстырылмай, өңдеуден өтпегендіктен субұрқақтардың суында ішек жұқпасының бактериялары, вирустық гепатит «А», энтеровирустық және серозды менингит жұқпалы аурулардың қоздырғыштары және тағы басқалар болуы мүмкін. Көптеген жұқпалы аурулар ауыр хәлге шалдықтырып, мүгедектікке немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Сондай – ақ, салқын тиюдің қауіптілігін ұмытпаған жөн.
Балаларға субұрқақтарда шомылуға рұқсат бермеңіз және зардаптары жайлы ойланыңыз.