Қоқыс қалдықтары – адамзаттың ең басты өзекті мәселелердің бірі. Заманның қарқынына байланысты адамзаттың тауарлар мен өнімдерді қолдану және тұтыну мәдениеті өзгеруде, олар әртүрлі қаптамаларда шығарылып, саудада жүреді. Осының салдарынан қалдықтардың мөлшері де артып келеді, тіпті көшелерде, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында, өзендердің бойында тұрмыстық қалдықтардың көптеп жиналуы байқалады. Бұл әртүрлі жануарлар мен кеміргіштердің тіршілік ету ортасы болып табылады, олар жұқпалы және паразитарлық аурулардың пайда болуы мен таралуына қауіп төндіруі мүмкін.
Осыған байланысты, Жетісу облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындарын бей-жай қарамауға, керісінше өз үйлерінің аулалары мен іргелес аумақтарын тазалауға, қоршаған ортаға құрметпен қарауға және көктемгі санитарлық тазалық айлығы аясында өткізілетін сенбіліктерге белсенді қатысуға шақырады.
Есіңізде болсын, тазалықты сақтау және қоршаған ортаны күтіп ұстау өзімізден басталады! Тазалық – денсаулық кепілі!