Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің тапсырмасына және Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент басшысының (бұдан әрі - Департамент) 2024 жылғы 29 наурыздағы №72-н бұйрығына сәйкес, Департаменттің 2023 жылдың 2 жарты жылдық қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу уақыты 15 сәуір - 26 сәуір аралығы. Жұмыс тобының құрамына Департамент басшысының орынбасары және бөлімінің басшылары кіреді.

Жұмыс тобы «Сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңының  8-бабының 5-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-кимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгідік қағидаларын» (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамаларын басышылыққа ала отырып жүргізетін болатын.

 

Дата публикации
29 марта 2024