Пара беру және пара алу - сыбайлас жемқорлық қылмыстың ең қауіпті түрі!

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы No 410-V ҚРЗ Заңының 12-бабының 1-тармағының 4-тармақшасына және 5-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшінің өзі және оның отбасы мүшелерінің өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне немесе лауазымдық міндеттеріне қатысты қандай да бір мәселелерді (әрекеттері немесе әрекетсіздігі үшін) шешуге қатысты мүдделі тұлғадан материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызмет алуға құқықтары жоқ. Сондықтан, белгілі бір мәселелерді шешуге байланысты сыйлаушының пайдакүнемдік мақсаттарын қамтитын сыйлықтар мен қызметтер пара ретінде бағаланады!

            Сыйлықтар алуда немесе шотқа ақша түссе не істеу қажет?

      Заңнамада алған қаражаттың анықталғанынан кейін екі аптадан аспайтын мерзімде тиісті мемлекеттік кіріс органына мұндай қаражаттың түсу мән-жайлары туралы түсініктеме беріле отырып, республикалық бюджетке аударылуы көзделген. Адамдарға хабарсыз алынған сыйлықтар сыйлықты алған күннен бастап немесе адамға сыйлықты алғаны туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз тапсырылуы тиіс. Мемлекеттік қызметші және оның отбасы мүшелері заңсыз пайдаланған қызмет жайлы өздеріне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде республикалық бюджетке қызметтің құнын ақша аудару арқылы өтелуі қажет.

Пара беру және пара алу - сыбайлас жемқорлық қылмыстың ең қауіпті түрі!
Дата публикации
18 января 2023