Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі С.Құрбанбеков Қаражал қаласы мен Жаңаарқа аудандарында іссапарда болып, мемлекеттік қызметшілерімен кездесті. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтауды тапсырды және 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген жаңа «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі таралы” Заң және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерге егжей-тегжей тоқталды.
Сырым Жиенқұлұлы өз сөзінде мемлекеттік қызметтің қоғам алдындағы жоғары жауапкершілігіне тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Қатысушыларға мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген негізгі тыйымдар мен шектеулерді еске салып, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін және сыбайлас жемқорлық сипатындағы жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін теріс қылықтарға, оның ішінде лудоманияға тереңірек тоқталды.
Күнделікті тұрмыста қарапайымдылық танытуға және қоғам тарапынан негізді сын туғызуы мүмкін әрекеттерге жол бермеуге баса мән берілді. Мемлекеттік қызметшілер сыпайылық пен әдептілік танытып, өздерінің қызметтік жағдайын және мемлекеттік мүлікті жеке мәселелерін шешу мақсатында пайдаланбауы қажет екендігін ескертті.
Бүгін аумақтық басқарма мамандарымен «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің №832 қаулысы бойынша құқықтық оқыту өткізілді.
Семинар аясында электрондық құжат айналымын ұйымдастыру, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану тәртібі, ақпараттық жүйелердің қорғалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ киберқауіпсіздік мәдениетін арттыру мәселелері талқыланды. Қатысушыларға ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау, дербес деректерді қорғау және қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Аусыл — жануарлардың жіті вирустық ауруы. Ол негізінен ірі қара малды, шошқаны, ешкі мен қойды зақымдайды. Инфекция көзі — сілекейі, сүті, зәрі және ішек құрамымен вирус бөлетін ауру жануарлар.
Жануарлар жайылымда, суаттарда, қораларда жанасу арқылы, сондай-ақ күтім құралдары, жем-шөп, су, төсеніш және қызметкерлердің киімі арқылы жұқтырады.
Адам ауру жануарларды күту кезінде, жұқтырылған заттармен байланыс жасағанда, сондай-ақ ауру малдан алынған шикі сүт пен сүт өнімдерін тұтынғанда жұқтыруы мүмкін. Ауру адамнан адамға берілмейді.
Алдын алу үшін мыналар қажет:
тек қайнатылған немесе пастерленген сүтті пайдалану;
қолайсыз шаруашылықтардан алынған шикі ет пен сүт өнімдерін қолданбау;
жануарларды күту кезінде жеке гигиена ережелерін сақтау;
арнайы киім пайдаланып, оны үнемі залалсыздандыру;
етті тек ветеринариялық-санитариялық таңбасы болған жағдайда ғана сатып алу.
Аусылдың алдын алуда фермаларда, мал сою орындарында және өнім өңдеу кәсіпорындарында санитариялық-ветеринариялық бақылау жүргізу, сондай-ақ жануарларды вакцинациялау маңызды рөл атқарады.
Жұқпалы емес аурулар – мезгілсіз өлім мен мүгедектіктің негізгі себебі. Оларға жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, тыныс алудың созылмалы аурулары және онкологиялық аурулар жатады.
Негізгі қауіп факторлары:
— дұрыс тамақтанбау (артық тұз, қант, қаныққанмай);
— дене белсенділігі;
— темекі шегу және алкогольді теріс пайдалану;
— созылмалы стресс;
— артық дене салмағы және семіздік;
— жоғары қан қысымы және холестерин деңгейі.
Бүгін таңда не істеу қажет:
— теңдестірілген тамақтану: көбірек көкөністер,жемістер, дәнді дақылдар, тұз бен қант аз мөлшерде пайдалану;
— белсенді болу: күніне кем дегенде 30 минут орташа физикалық белсенділік;
— физикалық тексеруден уақытылы өту:артериалды бақылау әсіресе маңызды;
— қысым, қант және холестерин деңгейі;
— жаман әдеттерден бас тарту;
— психикалық денсаулықты қадағалау;
Сіздің өмірсалтыңызға саналы көзқарасыңыз, жақындарыңызды қолдау, ағартушылық іс-шараларға қатысуыңыз ұлттың жалпы денсаулығына қосқан үлесіңіз болып табылады.
Өзіңізге қамқорлық жасауды бүгіннен бастаңыз!
Департамент басшысы Е.Ткаченко Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, ағымдағы жылдың 1 тоқсан қорытындасы бойынша иммундау мәселесі бойынша отырыс өткізді.
Отырысқа облыстың емдеу-сауықтыру мекемелерінің басшылары қатысты, соңында оларға бірқатар тапсырмалар берілді.
Қант, тұз және трансмайды артық тұтыну денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді.
Қантты артық тұтыну:
* Артық салмаққа әкеледі
* Қант диабеті қаупін арттырады
* Тіс жегісін көбейтеді
* Тез шаршауға әкеледі
Тұзды артық тұтыну:
* Қан қысымын көтереді
* Жүрек-қан тамыр ауруларын туындатады
* Бүйрекке зиян келтіреді
* Ісінуге әкеледі
Трансмайды артық тұтыну:
* Холестеринді арттырады
* Жүрек ауруларының қаупін көбейтеді
* Семіздікке әкеледі
* Иммунитетті әлсіретеді
Есте сақтаңыз:
✔ Қант — күніне 25–50 г
✔ Тұз — күніне 5 г
✔ Транс май — мүмкіндігінше қолданбаңыз!
Денсаулықты сақтаңыз — дұрыс тамақтаныңыз!
Департамент басшысының орынбасары С.Құрбанбеков пен бөлім басшысы А.Оманайдың ұйымдастыруымен «Мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде заңнама талаптарының сақтауы: тексеру кезіндегі анықталған бұзушылықтар» тақырыбында аумақтық басқарма мамандарымен семинар-кеңес өткізілді.
Семинарда құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Ұлытау облысы бойынша департаментінің 2025-2026 жылдарға жүргізілген мемелекеттік бақылауды жүргізу кезінде тексеріс анықталған бұзушылықтар, соның ішінде бақылаулы сатып алу, тергеп тексеру жүргізу, жедел ден қою шаралары туралы, сонымен қатар кәсіпкелер субъектілеріне жоспардан тыс тексеру ашу сұрақтары талқыланды. Анықталған бұзушылықтарды жою, қайталамау бойынша нұсқамалар және тапсырмалар берілді.