Тұмау – бұл барлық жерде кең таралған жоғары контагиозды вирустық инфекция.
Тұмауға тән клиникалық көріністер: дене қызуының күрт көтерілуімен (38°C-тан жоғары), қалтыраумен, бас ауруымен, бұлшықет ауруымен, жалпы әлсіздікпен, жөтелмен бірге жүретін аурудың кенеттен жедел басталуы.
Тұмау өзінің асқынуларымен өте қауіпті: пневмония, бронхит, трахеит, отит, жүрек-тамыр жүйесінің, жүйке жүйесінің асқынулары (менингит, менингоэнцефалит, энцефалит, невралгия, полирадикулоневрит). Тұмау көбінесе созылмалы аурулардың өршуімен бірге жүреді.
Инфекция жылдам беріледі:
Ең көп тарайтын жолы – ауа тамшылары.
Тұрмыстық тасымалдау жолы да мүмкін, мысалы, тұрмыстық заттар арқылы.
Жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде науқастың немесе вирус тасымалдаушының мұрын-жұтқыншағынан патогендік микрофлорасы бар сілекей, шырыш, қақырық бөлшектерімен бірге тұмаудың вирусы сыртқа шығады. Осылайша науқастың айналасында аэрозоль бөлшектерінің максималды концентрациясы бар ластанған аймақ пайда болады.
ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін негізгі ережелерді сақтау қажет:
- тұмаудың арнайы профилактикасы эпидемиялық маусым алдында (қазан айы) жүргізілетін вакцинация болып табылады;
- салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану және үнемі жаттығулар жасау;
- адамдар көп жиналатын орындарда және қоғамдық көлікте болу уақытын барынша қысқарту;
- даладан және қоғамдық көліктен келген кезде қолды мұқият жуу және мұрын қуысын тұзды сумен шаю;
- жабық үй-жайларда және адамдар көп жиналатын орындарда бір рет қолданылатын маскаларды пайдалану;
- түшкіру немесе жөтел сияқты белгілері бар адамдармен қарым-қатынасты мүмкіндігінше шектеу;
- бөлмені жүйелі түрде желдету және ылғалды тазалау;
- Ауырған адамды инфекция көзі ретінде сау адамдардан оқшаулау (ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дәрігерге жүгіну және науқас баланы білім беру ұйымдарына, оның ішінде мектепке дейінгі мекемелерге жібермеу қажет);
- өзін-өзі емдеуге болмайды.