Е.Ткаченко: комиссия хатшысы қызметтік хаттарды баяндасын.
А.С.Оспан: 2025 жылдың 25 сәуір мен 25 мамыр аралығында Жезқазған қалалық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2024 жылы атқарған қызметіне байланысты ішкі талтау жүргізілген. Ішкі талдау нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты анықтама жасалды. Анықтама Ұлытау облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында 2025 жылдың 04 маусым күні жарияланды. Анықтама жарияланғаннан бері уақытта ешқандай шағым немесе ұсыныстар түскен жоқ. Сайттағы жарияланған анықтама бойынша сайтта ешқандай пікірлер жазылмаған.
Шешті:
Ұлытау облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында жарияланған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты анықтама бойынша пікірлер, ұсыныстар, сұрақтар түскен жағдайда уақытылы жауап беріліп ескерілсін.