Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 7 ақпанда № 14766 болып тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.08.2020 № 131 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңес туралы ереженің 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.08.2020 № 131 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.08.2020 № 131 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Агенттіктің Заң департаментіне осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шараны орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуы;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануы;
4) осы бұйрықтың Агенттіктің ресми интернет-ресурсына орналастырылуы қамтамасыз етілсін.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.08.2020 № 131 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
Қазақстан Республикасы |
Қ. Қожамжаров |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
||
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңесінің жұмыс регламенті
Ескерту. Регламенттің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.08.2020 № 131 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.08.2020 № 131 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.08.2020 № 131 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Әдеп жөніндегі кеңестің жеке құрамдарын қалыптастыру және бекіту тәртібі
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.08.2020 № 131 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) жеке куәлігінің көшірмесі;
2) мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімін немесе нотариалды не жұмыс орны бойынша кадрлық қызметпен бекітілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі;
3) 3 x 4 см көлемде екі фотосурет.
Ескерту. 6-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.08.2020 № 131 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 7-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.08.2020 № 131 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс жоспарын қалыптастыру және бекіту тәртібі
Жұмыс жоспары іс-шара атауымен қоса, іс-шараны аяқтау формасы, орындау мерзімі мен оның орындалуына жауапкершілік жүктелген тұлғаларды қамтиды.
4-тарау. Басқа да мәселелерді дайындау тәртібі
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.08.2020 № 131 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Кворум қамтамасыз етілмеген жағдайда мәжіліс басқа күнге ауыстырылады.
Бұл ретте, тәртіптік іс қаралған жағдайда мәжіліс күні жазаға тарту мерзімдері ескеріліп, анықталады.
Бұл ретте, Әдеп жөніндегі кеңес мәжілістері екі айда кемінде бір реттен кем болмауы тиіс.
Хатшылықтың функциялары жүктелген құрылымдық бөлімше, мәжіліске үш жұмыс күн бұрын Әдеп жөніндегі кеңес мүшелеріне мәжіліс өткізу уақыты мен орны туралы ақпаратты, күн тәртібі мен қаралатын мәселелер бойынша қажетті материалдарды жолдайды.
Шақырылатын тұлғалар өткізу уақыты мен орны туралы Әдеп жөніндегі кеңес мәжілісіне дейін үш жұмыс күннен кешіктірілмей ескертіледі.
5-тарау. Тәртіптік істерді қозғау тәртібі
Материалдар жазбаша, сол сияқты өзге нысанда тіркелген мәлiметтердi, оның ішінде бейнематериалдарды қамтуы мүмкiн.
Төраға болмаған жағдайда тәртіптік істі қозғау Ереженің 19-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Қызметтік тергеу барысында іске қатысты жағдайлар мен мәліметтер сараланады, тәртіптік жазаға тартылған тұлғалардың жазбаша түсініктері, сонымен қатар тергеуді әділетті жүргізуге қажетті ақпарат, материалдар, мәліметтер талап етіледі.
1) мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауапкершілігін қарастыруға негіз болған әрекеттің (әрекетсіздік) нақты орын алғандығын;
2) осы әрекет (әрекетсіздік) тәртіптік жаза болып табыла ма және қандай заңнама нормалары бұзылғандығын;
3) бұл қылық мемлекеттік қызметшімен жасалды ма;
4) мемлекеттік қызметшінің осы қылықты жасауда күнәсі бар ма;
5) мемлекеттік қызметшіні тәртіптік жауапкершілікке тарту мерзімдері сақтала ма;
6) қызметшіге тәртіптік жазаның қандай түрін белгілеу ұсынылатынын шешеді.
Тәртіптік істі қарауды жаңғырту сәйкесінше бұйрық жарияланғаннан кейін жүзеге асырылады.
6-тарау. Басқа да мәселелерді қарау тәртібі
Қарау нәтижесі бойынша мемлекеттік органдар басшыларына кінәлі тұлғалардың жауапкершіліктерін қарау немесе осы тармақтың бірінші бөлігінде қамтылған ұсынысты әрі қарай орындау ұсынылуы мүмкін.
Әдеп жөніндегі кеңеспен Ережеге қайшы келмейтін басқа да ұсыныстар енгізіледі.
7-тарау. Әдеп жөніндегі кеңес шешімдерін дайындау, қабылдау және рәсімдеу тәртібі
Хаттама мәжіліс жүргізілген күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жүргізілген тілде рәсімделеді, және Әдеп жөніндегі кеңес Төрағасымен және мүшелерімен, Хатшылықтың меңгерушісімен қол қойылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңесі регламенттің хаттамасы 1-қосымшадағы нысанға сәйкес тәртіпте рәсімделеді.
Ескерту. 38-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.08.2020 № 131 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Шешімдер мәжіліске қатысқан Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің санының қарапайым көпшілік дауысымен шешім қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады. Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері дауыс беру кезінде қалыс қала алмайды.
Дауыс беру кезінде осы тармақтың екінші бөлімінде көзделген талаптар сақталмаған жағдайда Төраға осы мәселе бойынша қайталама талқылау мен дауыс беруге бастамашылық етеді.
Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.08.2020 № 131 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әдеп жөніндегі кеңес мәжілістерінің хаттамалары тәртіптік істер шешімдерінің түпнұсқаларымен, баяндамалармен және басқа да материалдармен бөлек папкаларға тігіледі.
Ескерту. 42-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.08.2020 № 131 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8-тарау. Әдеп жөніндегі кеңес ұсыныстары мен ұсынымдарының орындалуы, сонымен қатар олармен мүдделі тұлғаларды таныстыру
|
|
Қазақстан Республикасы |
|
|
Нысан |
Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.08.2020 № 131 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (аумақ атауы) Әдеп жөніндегі кеңесінің
ХАТТАМАСЫ
Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.08.2020 № 131 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20__ ж. " " _______ _____________ қ.
№
Қатысқандар:
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері:
.... .... ....
Мәжіліске қатыспаған Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері (болған жағдайда):
.... .... ....
Шақырылған тұлғалар (болған жағдайда):
Әдеп жөніндегі кеңестің мәжілісіне мәселе енгізілді.
Мына мәселелерді қарау жоспарланады:
Бірінші мәселе:
Тәртіптік іс (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) лауазымы, жұмыс орны).
Баяндаушы_______________.
Талқылау: ___________________________________________________
Ұсыныс: ____________________________________________________
Дауыс беру қорытындылары
Екінші мәселе:
Талдау қорытындылары туралы_________________________________.
Баяндаушы__________________.
Талқылау: ___________________________________________________
Ұсыныс: ____________________________________________________
Дауыс беру қорытындылары
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы:
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері:
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының Меңгерушісі (қолы)
|
|
Қазақстан Республикасы |
__________________________________________________________________________
(лауазымы, мемлекеттік органның атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
қатысты тәртіптік іс жөніндегі ШЕШІМ
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.08.2020 № 131 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Материалға (дарға) сәйкес қызметтік тексеру нәтижесінде (жауапкершілігі қаралатын тұлғамен) бұзушылыққа жол берілгені (құрылымдық элементтерге сілтеу, бұзылған заңнамалардың атауы) (бұзушылықтар, сонымен қатар олардың сипаты аталсын) анықталды.
Нақты фактілер (расталмайды) (расталатын, немесе расталмайтын заңнама бұзушылықтарының факті аталсын) расталды.
Нақты факті (лер) бойынша сұрастырылған (тексеру(лер) жүргізу шеңберінде сұрастырылған тұлға аталсын) келісіні растайды(растамайды)/түсіндіреді (көрсетті) (сұрастырылған тұлғаның дәлелдері, мәліметтері, ақпараты аталсын).
Нақты ақпарат келесімен (расталады (расталмайды) (сұрастырылған тұлғаның дәлелдері, түсініктерін (расталатын(жоққа шығарылатын) аталсын.
Жауапкершілігі қаралатын тұлғаның нақты факті(лері) бойынша сұратылған келесіні (жауапкершілігі қаралатын тұлғаны сұрастырғанда алынған мәліметтер, ақпараттар, дәлелдер) түсіндірді.
Сонымен қатар (алайда), жауапкершілігі қаралатын тұлғаның түсінігіне (растайтын (жоққа шығарытын дәлелдер аталсын) сәйкес.
Сонымен қатар қызметтік тексеру бырысында (бұзушылықтар, жаңадан анықталған бұзушылықтар, ашылған фактілер және т.б. туралы қосымша мәліметтер аталсын) анықталды.
Қызметтік тергеулердің материалдарын қарап және (жауапкершілігі қаралатын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) түсінігін тыңдап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы) Департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесі,
ШЕШТІ:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ереженің 7-тармағының 6) тармақшасына, 27-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, (лауазымы, мемлекеттік органның атауы, тәртіптік жазаны жүктеуге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (жауапкершілігі қаралатын тұлғаның лауазымы, мемлекеттік органының атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) қатысты (жауапкершілігі қаралатын тұлғамен бұзылған заңнаманың талаптарын аталсын) бұзғаны үшін "__________________" түрінде тәртіптік жазаға тарту/тәртіптік істі тоқтату (сәйкес себептердің негізінде) (тәртіптік істі тоқтату негіздемелері аталсын) ұсынылсын.
(облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы) Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы
облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы) Әдеп жөніндегі Хатшылықтың меңгерушісі
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК