Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ұлытау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2020 жылғы 13 қарашадағы №ҚР ДСМ-193 «Өнімнің санитариялық-эпидемиологиялық мониторингін жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес ТМ «Простоквашино» сүт өнімдері, «Coca-Cola Classic», «Coca-Cola zero sugar» алкогольсіз газдалған сусындарының сынамалары іріктеліп, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілді.
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелеріне сәйкес микробиологиялық көрсеткіштер бойынша келесідей өнімдердің оң нәтижелері анықталған:
- өндірушісі «Преображенский» ААҚ, Ресей ванил дәмі бар ірімшік өнім құрамында ашытқы микроорганизімдері 136 ҚҚБ/г (100 ҚҚБ/г артық емес мөлшерінде) анақталған (2024ж. 24.01. №2240002181943544 тағам өнімдерінің микробиологиялық зерттеу хаттамасы).
- өндірушісі «Преображенский» ААҚ, Ресей «қоюландырылған сүт» кондитерлік кремі бар бар ірімшік өнім құрамында ашытқы микроорганизімдері 159 ҚҚБ/г (100 ҚҚБ/г артық емес мөлшерінде) анақталған (2024ж. 24.01. №2240002181943546 тағам өнімдерінің микробиологиялық зерттеу хаттамасы).
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелеріне сәйкес санитариялық-химиялық көрсеткіштері бойынша оң нәтижелер:
- өндірушісі «Преображенский» ААҚ, Ресей «қоюландырылған сүт» кондитерлік кремі бар бар ірімшік 23% норамада майлық массалық үлесі 21,0% анықталған (2024ж. 26.01. №2240001021942930 тамақ өнімдерінің үлгілерін зерттеу хаттамасы).
- өндірушісі «Эйч энд ЭН» АҚ, Ресей майлылығы 15% қаймағы мемлекеттік тілдегі өндірушінің атауы туралы ақпарат орыс тіліндегі ақпаратпен сәйкес келмейді (2024ж. 26.01. №2240001021942984 тамақ өнімдерінің үлгілерін зерттеу хаттамасы).
- өндірушісі «Эйч энд ЭН» АҚ, Ресей майлылығы 20% қаймағы мемлекеттік тілдегі өндірушінің атауы туралы ақпарат орыс тіліндегі ақпаратпен сәйкес келмейді (2024ж. 26.01. №2240001021943183 тамақ өнімдерінің үлгілерін зерттеу хаттамасы).
- өндірушісі «Эйч энд ЭН» АҚ, Ресей майлылығы 9% сүзбесі мемлекеттік тілдегі өндірушінің атауы туралы ақпарат орыс тіліндегі ақпаратпен сәйкес келмейді, мемлекеттік тілдегі өндіріс мекен-жайының әріптік белгіленуі орыс тіліндегі өндіріс мекен-жайының әріптік белгіленуімен сәйкес келмейді (2024ж. 26.01. №2240001021943553 тамақ өнімдерінің үлгілерін зерттеу хаттамасы).
- өндірушісі «Эйч энд ЭН» АҚ, Ресей майлылығы 5% сүзбесі мемлекеттік тілдегі өндірушінің атауы туралы ақпарат орыс тіліндегі ақпаратпен сәйкес келмейді, мемлекеттік тілдегі өндіріс мекен-жайының әріптік белгіленуі орыс тіліндегі өндіріс мекен-жайының әріптік белгіленуімен сәйкес келмейді (2024ж. 26.01. №2240001021943535 тамақ өнімдерінің үлгілерін зерттеу хаттамасы).