Ұлытау облысында қызылша бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу туралы

     
       

Ұлытау облысында

қызылша бойынша

санитариялық-эпидемияға қарсы

және санитарлық-профилактикалық

іс-шаралар ұйымдастыру және

өткізу туралы

 Мен, Ұлытау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Б.С. Қалмағанбетов (бұдан әрі-ҰО БМСД) Қазақстан Республикасы сәйкес 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚР ДСМ "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 38-бабы 2-тармағының 3-тармақшасының, 102-бабы 1-тармағының негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық егулер жүргізілетін аурулардың тізбесін, қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 Қаулысына сәйкес,ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 ақпандағы №ҚР ДСМ-13 "Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар  жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарға қатысты, оларға қарсы  профилактикалық жүргізілетін егулер"  бұйрығының талаптарына сәйкес (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-13 Бұйрығы),   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы  "Жоспарлы профилактикалық екпе алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу қағидаларын және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін бекіту туралы" №ҚР ДСМ-289/2020 бұйрығын, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау  Министрінің  2021 жылғы 9 шілдедегі "Мектепке дейінгі ұйымдар мен балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" № ҚР ДСМ-59 бұйрығын, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 14 наурыздағы "Қазақстан Республикасында қызылша бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және  санитариялық-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыру" № 1 Қаулысын басшылыққа ала отырып,  Ұлытау облысында сырқаттанушылықтың туындауының алдын алу және өсуіне жол бермеу, мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 

  1. Ұлытау облысының қалалары мен аудандарының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары:

1) егу, жасына байланысты адамдардың аурушаңдығын есепке алу, талдау және зертханалық зерттеулерді қамтамасыз ету үшін қызылшамен сырқаттанушылыққа апта сайынғы эпидемиологиялық мониторинг жүргізу;

2) 3 сағат ішінде қызылша жағдайларын тіркеу туралы ҰО БМСД, ал ол болмаған кезде ҰО БМСД орынбасарына кезектен тыс ақпарат беру;

3) қызылшаның әрбір жағдайын эпидемиологиялық тексеру және инфекция ошақтарын олардың шекараларын белгілеу, инфекция көзін, қызылшаға қарсы алынған профилактикалық екпелер туралы мәліметтерді белгілей отырып, байланысқан адамдарды анықтау мақсатында эпидемиологиялық тексеру;

4)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының вирусологиялық зертханасына (бұдан әрі – "ҰЭО"ШЖҚ РМК филиалы) зерттеуге және жеткізуге қызылшаға күдікті науқастардан материал жинауды бақылау;

5) қызылша бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін бақылау;

6)вакцинамен басқарылатын инфекциялардың және иммундаудан бас тарту салдарларының профилактикасы бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту.

  1. Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы:

1) № ҚР ДСМ-13 бұйрығының талаптарына сәйкес Ұлытау облысы бойынша "ҰЭО" ШЖҚ РМК филиалының вирусологиялық зертханасына зерттеуге материалдарды жеткізе отырып, қызылшаға (қан сарысуы және зәр сынамасы) күдікті науқастардан үлгілерді жинау;

2) шетелдік азаматтарды қоса алғанда, ақпараттандырылған келісімді алғаннан кейін қызылшамен ауырған адаммен соңғы байланысқан сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірмей 30 жасқа дейінгі байланысқан адамдарға шұғыл вакцинация жүргізу;

3) аурудың соңғы жағдайы анықталған сәттен бастап 21 тәулік ішінде байланысқан адамдарды күнделікті медициналық бақылау;

4) Қазақстан Республикасының азаматтары арасында қызылшаға қарсы егілгені туралы деректері жоқ және вакцинацияланбаған адамдарды анықтаған кезде, вакцинациямен қамтылуы төмен, халықтың қол жеткізу қиын топтары және мигранттар саны артқан, тіркелмеген адамдар бар аумақтарда ерекше назар аудара отырып, облыс бойынша 30 жасқа дейінгі адамдардың қызылшаға қарсы егілуіне талдау жүргізу, оларды бір рет иммундау жөнінде шаралар қабылдау ақпараттандырылған келісімді алғаннан кейін;

5) ақпараттандырылған келісімді алғаннан кейін бұрын қызылшаға қарсы егілмеген 55 жасқа дейінгі медицина қызметкерлерін вакцинациялауды ұйымдастыру;

6) қызылшамен сырқаттанушылықтың және иммундаудан бас тарту салдарларының профилактикасы бойынша бақылаудағы аумақта Денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлескен жоспар әзірлеу және бекіту;

7) медицина қызметкерлерін қызылшаны диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша медициналық көмек көрсетудің амбулаториялық және стационарлық деңгейлерінде оқытуды ұйымдастыруға

8) вакцинамен басқарылатын инфекциялардың және иммундаудан бас тарту салдарларының профилактикасы бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту.

  1. Ұлытау облысының білім басқармасы, тәрбие және білім беру объектілерінің басшылары:

1)топтарда, сыныптарда (түзету үлгісіндегі топтарды қоспағанда) ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейіне қол жеткізуді ескере отырып, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің немесе өзге де себептердің болуы себебінен жоспарлы профилактикалық егулер алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу;

2) мектепке дейінгі ұйымдардағы топтарда олардың үлесін жасау кезінде жоспарлы профилактикалық егулер алмаған балалардың 10%-дан аспайтын үлесін жіберу;

3) балалар арасында ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін жоспарлы профилактикалық егулермен қамтуды тұрақты сақтау 95%-дан кем емес;

4) медицина қызметкерінің балаларды таңертеңгі сүзгіден өткізуі (қабылдауы) және балабақша қызметкерлері мен балалар арасында жіті респираторлық инфекциялар белгілерінің болуын бақылау. Жұқпалы аурулардың белгілері бар балалар мен қызметкерлерге (тыныс алу, ішек, дене температурасының жоғарылауы)жол бермеу;

5) үй-жайларды ылғалды жинауды және дезинфекциялауды жүргізуге, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау;

6) асханаларда ауа рециркуляторларын орнатуды қамтамасыз ете отырып, тамақтануды ұйымдастыруды бақылау.

7) жалпы білім беретін мектептерде, тәрбиелеу объектілерінде қызылшамен сырқаттанушылықты тіркелген кезінде оқушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің 10% - дан астамын тарта отырып қамтылсын:

- зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесінің күшін жою;

- бұқаралық іс-шараларды (мәдени, тәрбиелік, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.) өткізуге тыйым салу;

- мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптар бірлестігімен іс-шаралар өткізуге тыйым салу;

- бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын ажырату (сабақтың басталу уақыты бойынша барынша мүмкіндікті ескере отырып);

- үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру;

-санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау.

  1. Ұлытау облысы бойынша " ҰЭО " ШЖҚ РМК Жезқазған филиалы:

1) вирусологиялық зертхананың қызылшаға арналған материалдарды зерттеуге дайындығы;

2) диагностикалық препараттардың тұрақты қоры және пациенттерден вирустық инфекцияларды бақылау жөніндегі ұлттық референс-зертханаға материалдарды жеткізу;

3) № ҚР ДСМ-13 бұйрығына сәйкес қызылша мен қызамықтың күдікті жағдайларын тіркеу кезінде үлгілерді өңірлерден вирустық инфекцияларды бақылау жөніндегі ұлттық референс-зертханаға қайта тестілеуге жеткізу;

4) қызылшаға күдікті науқастардан материал алу және жеткізу техникасы бойынша медициналық персоналды оқыту бойынша ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Ұлытау облысының

Бас мемлекеттік санитарлық

дәрігері  

         Б.С. Қалмағанбетов  

 

 

 

Дата публикации
31 марта 2023