|
Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы тергеп-тексеру жүргізу қағидаларына 7-қосымша
|
|
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: диагнозы: «Бас терісінің дерматофитиясы» тіркелуіне байланысты инфекциялық және паразиттік ауру, улану туралы 2026 жылдың 27 сәуірдегі №01/20-49243 шұғыл хабар хат.
- Тергеу жүргізген бақылау және қадағалау органы: Жезқазған қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): жоқ
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 2026 ж. 29 сәуір –2026 ж.26 мамыр
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:
ҰО Білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі» КММ. Мекен –жайы: Жезқазған қаласы, Жанасова көшесі 15, «Бас терісінің дерматофитиясы» ауруының тіркелуі бойынша.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылу себептері мен сипаты: бұзушылақтар анықталған жоқ.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: бұзушылақтар анықталған жоқ.
- Қабылданған шаралар: 2026 жылдың 28 сәуір күні №91 Қаулы негізінде білім беру объектісінде қорытынды дезинфекция жүргізілді және де ЖШС «Макенбаева» ОДА-ға қаулы шығарылды.
Бұйрыққа сәйкес (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы есепке алу және есеп беру құжаттамасының нысандарын бекіту туралы, ҚР ДСМ 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығы № 095/е нысан) Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2026 жылғы 28 сәуір №91 санитариялық-эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру туралы қаулысы орындалды.