Айгүл Шағалтаева бақылау-қадағалау органдарының бизнес қоғамдастық алдындағы есебінің бірыңғай күніне қатысты

Айгүл Шағалтаева бақылау-қадағалау органдарының бизнес қоғамдастық алдындағы есебінің бірыңғай күніне қатысты

Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Шағалтаева  бақылау-қадағалау органдарының бизнес қоғамдастық алдындағы есебінің бірыңғай күніне қатысты. Кеңеске қаланың 100-ден астам кәсіпкері, Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, Астана қаласының ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаменті және басқа да мемлекеттік органдар қатысты.

Айгүл Шағалтаева  кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жүргізіліп жатқан аумақтық басқармалардың бақылауының негізгі нысандары көрсетілген баяндамамен сөз сөйледі, ағымдағы жылдың 8 айында бақылаудағы объектілерге жүргізілген тексерулерге және қабылданған шараларға егжей-тегжейлі тоқталды. Сондай-ақ, проблемалық мәселелер көтерілді, атап айтқанда, объектілердің қызметіне халықтың шағымдарының көбеюі.

Кеңес барысында кәсіпкерлерге қойылған сұрақтарға халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес түсініктемелер берілді.