
2023 жылғы 22 ақпанда Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және оның аудандық басқармаларының мамандарына "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Астана қаласы бойынша филиалымен бірлесіп «Өнім сынамаларын іріктеу, тасымалдау және жеткізу, сынамаларды іріктеу және зертханалық зерттеулерге тапсыру кезінде құжаттаманы ресімдеу қағидалары мен әдістерін регламенттейтін нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда мамандар зертханалық зерттеулердің көлемін, тізбесін және еселігін айқындайтын санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу тәртібі, қоршаған сыртқы ортадан шайындылардың сынамаларын, ауадан, топырақтан және қоршаған ортаның стерильділігіне материалдар алу, тамақ өнімдерінің, су және бассейннен су сынамаларын алу ретімен таныстырылды.