Көкөністер мен жеміс-жидектерді өңдеу

Көкөністер мен жеміс-жидектерді өңдеу

Жаз мезгілі адам ағзасы үшін пайдалы микроэлементтер, дәрумендер мен талшықтардың көзі болып табылатын көкөніс, жеміс-жидек пен жидектің көптігіне бай мезгіл. Алайда тағамдық уланулар, жіті ішек инфекциялардың сондай-ақ ағзаның гельминтоздармен зақымдануының себебі болуы мүмкін. Сондай-ақ, өсімдіктерді өсіру кезінде пестицидтерге, инсектицидтерге және басқа да химиялық тыңайтқыштармен құнарландырылады, ал ұзақ уақыт сақталуы және әдемі көрінуі үшін жемістер мен көкөністер консерванттармен, парафинмен және балауызбен өңделеді, олар сумен жуылмайды.

Теріс салдарды болдырмас үшін және "молшылық" маусымынан ләззат алу үшін көкөністер мен жемістерді мұқият жуып, азық-түліктің шарттары мен сақтау мерзімдерін сақтап, жеке гигиена ережелерін ұмытпау қажет.

Көкөністерді, жемістер мен жидектерді өңдеу кезінде тұрмыстық ыдыс жуғыш заттарды немесе сабынды қолданудан бас тарту қажет. Өңдеу барысында таза су, тұз, сірке суын, ас содасын, қайнаған суды қолданған жөн болып табылады.

Жемістерді, көкөністер мен жидектерді өңдеуде бірнеше мысалдар келтіріп өтсек.

Жасыл желектерде алдымен тамырларды кесіп, сұрыптап, сарғайған және зақымдалған жапырақтарды алып тастау керек. Содан кейін суды уақытымен ауыстыра отырып 10-15 минут жібіткен жөн. Осылайша, топырақтың қалдықтары, кір суланып, түбіне батады, сонымен қатар сулану нитраттарды кетірудің жақсы әдісі болып табылады. Көкөністерді таза контейнерге немесе дуршлагқа өткізіп, ағынды сумен жақсылап шайыңыз. Егер көкөністер сіздің бақшаңыздан емес болса, оны тұзды немесе сірке суының ерітіндісінде, 1 литр суға 1 ас қасық тұз немесе сірке суының пропорциясында ұстауға болады.

Құлпынай, таңқурай, қарақат және басқа жидектерді жуу үшін жидектерді бір қабатқа дуршлагқа салып, бірнеше минут ағынды сумен шаю ұсынылады. Содан кейін жидектерді кезекпен ыстық және суық сумен жууға болады.

Тегіс қабығы бар көкөністерді (қияр, қызанақ, бұрыш) тұздалған салқын суда малынған жөн. Кейін қарапайым тәсілмен жууға болады (жұмсақ губканы қолдануға болады).

Тамыр дақылдарын (картоп пен сәбіз) жылы суға салып, қалдық кірді щеткамен алып тастаған дұрыс.

Цитрустық жемістерде балауызды жуу үшін қайнаған сумен жуып, содан кейін ағынды сумен шайып алған жөн.

Жұқа қабығы бар жемістерден (алма, шабдалы) балауызды кетіру үшін бірнеше минут суық суға малынған жөн. Содан соң жемісті сумен және содамен сүртіңіз.

Қауын мен қарбызды щеткамен ұзақ уақыт жуу қажет.

Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарға стихиялық сауда орындарында көкөністер, жемістер мен көк шөптерді сатып алмауды, сатып алу кезінде сыртқы түріне назар аударуды және оларды өңдеу бойынша ұсыныстарды мұқият ескеруді ұсынады!