Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі болып табылады. Ол- адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесіз елестету мүмкін емес. Дене шынықтыруға ең басты қажеттілік, ол- балалардың өздігінен дене шынықтыруы болып табылады. Оларды орындау – оқушылардың бірден-бір өзіндік басқаруының болмауынан ерекшеленеді. Сонымен қатар денсаулық бала кезден жанұяда қалыптасады. Бұдан ата –аналардың алдында баланың денесін шынықтыруда үлкен жауапкершілік қалыптасады. Оқушыларды өздігінен денені шынықтыратын жаттығулармен шұғылдануға үйрету – дене шынықтыру мұғалімдерінің басты бір міндеттері. Бұл сұрақ бойынша комплекті дене шынықтырудың басқармасы дәл және нақты талаптарды анықтайды.
Түсіндірмелі жазбада былай делінген: оқушылар өздігінен жаттығулар орындау тапсырмасын сабақ үстінде алады. Олардың сақталуы дене сапасының дамуына бағытталуы керек, қарапайым қозғалмалы әрекеттерді сабақта қайталау меңгерілген. Қазіргі жағдайға байланысты үйдегі балалардың дене шынықтыруының басты бағыты - оқушылардың денсаулығын шындау, дене қозғалысының дамуы мен қозғалу дайындығының дәрежесін көтеру, сабақты бекіту. Сабаққа дайындалу – яғни күнделікті тәңертеңгі жаттығуды жасау, ойлау жұмысы кезінде минуттық шынығу жаттығуларын орындау керектігін ұмытпау, күнде – күнде сол туралы белгілі бір уақытта әнгіме жүргізіп, соның ішінде дене шынықтыру мұғалімінің тапсырмасының орындалуын қадағалау керек. Өз мектептерінде үй тапсырмасын жетілдіруші дене шынықтыру мұғалімінің есіне оқушылардың дене шынықтыру жаттығуларын жүйелі түрде орындау әдеті үй тапсырмасының көмегінсіз жүзеге аспайтын мәселе екендігін еске саламыз. Бұл жолдағы басты қадам – оқушылардың қызығушылығы. Әрқашан үй тапсырмасы, яғни олардың белгілі мақсатта орындалу жетістігі оқушылардың бойына ерекше қызығушылық тудырады. Қандай тапсырмалар оқушылар үшін негізделеді?
Жаттығуларды таңдай отырып, олардың үйде орындалу мүмкіндігін есте сақтау қажет және де олардың орындалуына бақылау жүргізу қажет. Әрине жаттығулардың оқушының денені шынықтырудағы дамуымен денені шынықтырудағы дайындықтың жоғарлауына жеткізетін пайдасын есте сақтау қажет. Бұған қарамастан мектепке балалар қазіргі таңда алты жастан барады. Оларға үйге берілген жаттығу, балалардың қабылдау мүмкіндігіне байланысты беріледі. 1- 3 сынып оқушылары үшін қозғалу координаты сондай қиын болмау керек және жақсы меңгерілу қажет. Күнделікті үй тапсырмасынан бірнеше мысал келтірейік.
Бір жаттығу туралы толық айтайық, бұл принцип бойынша қандай жаттығулар орындалады. Арқамен жатып кеудені көтеру кезінде аяқтар бекітіледі. 4 сынып. қ.ж- қолды белге қоямыз. Көтерілу саны саналады. 3-5 рет көтеру өте жақсы. 5-6 сыныптар үшін қ.ж. қолды кеудеге қоямыз. 5 сыныпта көтерілу саны саналады, 6 сыныпта көтерілу саны 1 минутта анықталады. 7-8 сыныптар қ.ж.-қолды басқа қоямыз. Көтерілу саны саналады. 9 сыныпта кеудені көтеру саны 1,2 минутпен өлшенеді 10 сыныпта жалпы саны есептеледі.
Қазіргі жағдайға байланысты, карантин кезінде жанұя жағынан көмек пен бақылау болмаса оқушылардың үйге берілген өздік жұмыстарын толыққанды орындауы ғана болады. Ата-аналарға балалармен жаттығу жасау керектігіне кеңес береміз. Денелері шыныққан балалар аз ауырады және кез-келген ауруға қарсы тұра алады.