Құтырма (Гидрофобия) - орталық жүйке жүйесін зақымдап, өлім-жітімге апаратын қауіпті жұқпалы ауру болып табылады. Құтырманың тек алдын алуға болады, ауру дамыған (өрбіген) жағдайда ем жоқ. Әлемде әрбір 10 минутта құтырма аурынан бір адам қайтыс болады.
Жануар тістегенде, тырнағанда, ауру жануардың сілекейі жарақатқа түскенде немесеауру жануардың сілекейі жұққан заттарды қолданғанда ауруадамғажұғады.
Құтырманың қоздырғышы жануардың сілкейінде ауру белгілері пайда болғанға дейінгі 10 күнде болатыны туралы білу – өте маңызды, сондықтан сырт қарағанда сау жануардың тістеуінен адам ауырады. Жарақатқа түскен вирус жұлын мен миды зақымдайды, орталық жүйке жүйесін зақымдап, өлім-жітімге апарады. Вакцинопрофилактика көмегімен және жабайы және қараусыз жануарлармен қатынаста болғанда адам жануардан өзін қорғау ережесін сақтаған жағдайда ғана аурудың алдын алуға болады.
Қазақстан аумағында инфекцияны жұқтыру көзі үй жануарларынан - иттер, мысықтар болса, жабайы жануарлар арасында – түлкі, борсық, қасқырлар болуда.
Құтырма ауруының алдын алу үшін:
Үй жануарларыңызды ветеринарлық клиникаға тіркеңіз және құтырмаға қарсы егісті жыл сайын еккізіңіз. Жануарларға құтырмаға қарсы екпе тегін жүргізіледі.
Иттерді серуенге тек қысқа шылбырмен, үлкен, ірі иттерді - тұмылдырықпен шығарыңыз. Жануарларыңыздың қараусыз жануарлармен қатынасуға жол бермеңіз!
Жануарларыңыз ауырған жағдайда, әсіресе құтырманың белгілері пайда болғанда (мінез-құлқы өзгеруі, сілекейінің көп мөлшерде ағуы, жұтыну қиындаған жағдай, дірілдеп құрысу) дереу таяу жерде орналасқан ветеринарлық клиникаға апарыңыз, өз еркімен емдемеңіз.
Егер, Сіздің жануарыңыз адамды тістеп алса, зардап шеккен тұлғаға өзіңіздің адресіңізді айтыңыз және жануарыңызды ветеринарлық дәрігерге бақылауға апарыңыз. Жануарларды ұстау ережесін бұзған жағдайда жануардың иесі толық әкімшілік жауапкершілікке, зардап шеккен тұлға ауыр жарақат алған немесе жарақаттың салдарынан қайтыс болғанда жағдайда қылмыстық жауапқа тартылады.
Қауып алған кезде не істеу керек? Жануар тістеп, тырнап алғанда немесе сілекейлеген жағдайда жарақатты және сілекейі жағылған барлық жерді 15 минут үшінде сабынды сумен, жарақат орнын перекиспен өңдеу қажет. Дереу тұрғылықты мекен жайы бойынша медициналық көмек жүгіну керек,травматолог дәрігер құтырмаға қарсы профилактикалық иммунизация белгілейді.
Тек қана уақытылы енгізілген антирабиялық вакцина адамды құтырма ауруының дамуынан құтқарады. Антирабиялық егіс курсы мезгілімен жүргізілген жағдайда адамда иммунитет тез қалыптасып, аурудың дамуының алдын алады. Бүгінгі күнде құтырманың емі жоқ! Құтырмаға қарсы егістер адамдарға тегін жүргізіледі.Вакцина медициналық көмекке жүгінген күні, одан кейін 3, 7, 14 және 28 күндері енгізіледі. Құтырма ауруына қарсы профилактикалық егу жүргізелетін курс бойы және егу аяқталғаннан кейінгі 6 ай бойы – спирттік сусындарды ішуге тиым салынады.
Үй жануарларын ұстау ережесін сақтау, жабайы және қараусыз жануарлардан сақтану шараларын ұстану, мезгілімен енгізілген вакцинация Сізді құтырма ауруынан сақтайды!