Меню

Страницы

Статья

Зімбірдің пайдасы туралы

Covid-19 індеті мен пандемиясы басталғаннан бері - вирусқа қарсы профилактикалық құрал ретінде зімбір өсімдігін халық көп пайдалана бастады. Сұраныстың артуы осы өнімдердің бағасын өсірді және кейбіреулері оған артық ақша төлеуге дайын.

Бұл бір жағынан әлеуметтік желілердегі жалған сараптама салдарынан,  ол адамдар бұл өнімдер (мысалы, зімбірден, лимоннан және балдан жасалған сусынды) олардың иммунитетін нығайтады және COVID-19 ауруымен ауыру ықтималдығын төмендетеді деп санайды.

Бірақ, лимон мен зімбір СОVID-19 кезінде көмектесе алады деген ғылыми деректер жоқ.

Сонымен, зімбірдің адам ағзасына пайдасы неде? Өсімдіктің тамырының құрамындағы эфир майында емдік қасиеттерін алдын ала анықтайтын көптеген (400-ге жуық қосылыстар) биологиялық белсенді компоненттер бар.

Зімбір ағзаға пайдалы, ол шаршау мен ісінуді жояды, сүйектерді, буындарды және иммунитетті нығайтады, суыққа қарсы аурулардың тамаша алдын алады, ауырсынуды басатын және қабынуға қарсы әсерге ие.

Зімбірд күніне 5 грамнан артық емес, шағын мөлшерде қолдану ұсынылады, содан кейін сіздің ағзаңыз осы өсімдіктен ғана пайда алады!

Зімбірді жарасы бар, өт қабындағы тастары бар адамдарға, сондай-ақ емізу кезінде әйелдерге қолдануға болмайды.

Сізге жай ғана лимон мен зімбір ұнаса, әрине, оларды қолдана беріңіз!

Бірақ COVID-19 ауруының алдын алудың бастысы - бұл:

- қолды сумен сабынмен жиі жуу (20 секундтан кем емес);

- құрамында 60%-ден кем емес спирт бар антисептиктерді қолдану (қол жуылмайтын кез келген жағдайда);

- көзді, мұрынды және ауызды лас қолмен ұстамау;

- жөтелген немесе түшкірген адамдардан кем дегенде 2 метр қашықтықта болу;

- өзін-өзі оқшаулауды сақтау және адамдар орындарында мүмкіндігінше аз уақыт өткізу.

         Бастысы әрдайым салауатты өмір салтын ұстану керек. Жеміс-жидектер мен көкөністерді ұмытпаңыз, үнемі дене шыңықтыру белсенділігімен айналысыңыз, ұйықтаңыз, стресс деңгейін төмендетіңіз, зиянды әдеттерді мысалы, темекі шегу және алкоголь ішуді тастаңыз.

Әрине, дәрігерлер вакцинамен күресуге үйренген аурулардан (тіпті тұмаудан) екпе жасау маңызды екенің айтады.

Ешқандай басқа да жылдам сиқырлы құралдар жоқ. Дәріханаларда сатылатын барлық иммуно модуляторлар дәлелденген тиімділікке ие емес, яғни аурулардан, соның ішінде коронавирус ауруынан қорғау пайдасыз.

Дата публикации
16 апреля 2020
Дата обновления
16 апреля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
«Правила перевозки опасных грузов»
19 октября 2026
«Салауатты тамақтануды насихаттау»
16 октября 2026
e-SEN: санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің цифрлық мүмкіндіктері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы