Консерванттық тағамдық қоспалар дегеніміз не?
Бұл өнімдердің сақтау мерзімін айтарлықтай ұзартатын қоспалар. Олар сондай – ақ өнімдерге қажетті қасиеттерді, яғни, әдемі түс, тартымды дәм мен хош иіс, қажетті консистенция береді.
Кеден одағында тағам қоспаларының қауіпсіздік талаптары бар бірыңғай техникалық регламент КО ТР 029/2012 қолданылады. Бұл регламентте тек рұқсат етілген қоспалар ғана емес, сонымен қатар олардың ең жоғары концентрациялары да көрсетілген. Мысалы, барлығымызға белгілі бензой қышқылының (Е210) және оның бензоаттарының тұздарының құрамы: натрий бензоаты (Е211), калий бензоаты (Е212), алкогольсіз сусындардағы кальций бензоаты (Е213) 150 мг/кг аспауы тиіс. Барлық өнімдердегі, соның ішінде шұжық өнімдеріндегі бенз(а)пиреннің құрамы 2 мкг/кг(л) аспауы тиіс.
Барлық тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздігін растайтын, сондай-ақ өнімнің қадағалануын (тауарға ілеспе құжаттар) және сақталу шарттары мен жарамдылық мерзімдері туралы ақпаратты қамтамассыз ететін құжаттары болуы тиіс.
Тағамдық қоспалар Е әрпімен және санмен көрсетіледі және негізгі міндетіне қарай келесіге бөлінеді:
Е100-Е199 - бояғыштар
Е200-Е299 — консерванттар
Е300 — Е399 — бұл антиоксиданттар (өнімнің тотығуына және мерзімінен бұрын бұзылуына жол бермейтін заттар)
Е400 — Е499 — бұл тұрақтандырғыштар, қоюлатқыштар және эмульгаторлар (белгілі бір консистенцияны құру және сақтау үшін қажет)
Е500 — Е599 — рН реттегіштері және тежеуге қарсы заттар
Е600 — Е699 — иіс пен дәмді күшейткіштер, хош иістендіргіштер
Е700 — Е799 — антибиотиктер
Е900 — Е999 — басқа қоспалар (тәттілендіргіштер, көбіктендіретін заттар, ұн өнімдерін жақсартуға арналған қоспалар және т.б.)
Тағамдық қоспалар - көбінесе күшті аллергенді болып келеді. Сондықтан балалар тағамы өндірісінде қоспалардың көпшілігіне тыйым салынған. Мүмкіндігінше, балаларға, қарттарға және аллергиясы бар науқастарға қоспалары бар тағамдарды бермеу ұсынылады. Егер жағымсыз реакция болып жатса (бөртпе, түшкіру, көздің қызаруы, әлсіздік) және бұл жаңа тағамдық өнімнен шыққан болса, құрамын зерттеп, күдік туғызатын қоспаларды алып тастауға тырысыңыз.
Дүкенде қажетті таңдау жасар алдында тауарлардың жапсырмаларын мұқият оқып шығуды ескертеміз!!!