Нұр-Сұлтан қаласында эпидемиологиялық маусымның басталуымен (2020 жылдың 01 қазанынан) ЖРВИ/тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып сипатталады. 2020 жылы ЖРВИ-мен нақты сырқаттанушылық (ЖРВИ жағдайы 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 856,67 немесе 9897.) былтырғы эпидемиологиялық маусымдағы аурудың шекті деңгейі мен көрсеткіш мөлшерінен аспайды. Тұмау жағдайы тіркелген жоқ.
2021 жылдың бірінші аптасында сырқаттанушылық жағдай тұрақты болды. ЖРВИ-мен сырқаттанушылық бойынша 65,35 көрсеткішпен 755 жағдай тіркелді, бұл былтырғы жылдың көрсеткіштерінен 6 % жоғары.
Нұр-Сұлтан қаласында сырқаттанғандар саны бойынша жалпы сырқаттанушылықтың 65%-ын құрайтын 14 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар (18 %) және жүкті әйелдер (7,4%) тәуекел тобына жатады.
Тұмау және ЖРВИ - бұл жоғары тыныс жолдарын зақымдайтын вирусты аурулардың топтары. Бұл топтағы вирустар ауа-тамшысы мен байланыс жолдары арқылы жеңіл беріледі. Тұмау-бұл ауыр жұқпалы ауру, өмірде онымен біздің көпшілігіміз бірнеше рет ауырамыз. Жыл сайын еліміздің әрбір бесінші тұрғыны тұмау вирусының штаммдарының бірінің құрбаны болады. Олар соншалықты жан-жақты және өзгермелі, сондықтан біздің иммундық жүйемізде оларды "тануға" және бейтараптандыруға уақыт жоқ.
Коронавирустық инфекцияның пандемиясына және тұмау вирусының айналымына байланысты 2020-2021 жж. эпидемиологиялық маусымның болжамы бойынша адам денсаулығына қосымша ауыр болуы мүмкін. Тұмау мен COVID-19-ды бір мезгілде жұқтырудың салдары әлі мұқият зерттелген жоқ, бірақ биыл тұмаудың алдын-алу бұрынғыдан да маңызды екені анық.
Сондықтан халық арасында эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды қатаң сақтау - адам организмін ауруды тудыратын вирустарды жұқтырудың алдын алуға ықпал етеді. Алдын алу әдістері арнайы және арнайы емес болып бөлінеді.
Тұмау мен ЖРВИ арнайы алдын алу:
- жыл сайынғы тұмауға қарсы егілу.
Тұмау мен ЖРВИ арнайы емес профилактикасы:
- түшкіру әдебін сақтау – сүлгі немесе орамалға, олар болмаған жағдайда жеңіне жөтелу және түшкіру керек;
- қолды сабынмен жуу, құрамында спирті бар немесе дезинфекциялық сүлгімен сүрту;
- үй-жайларды желдету;
- адамдардың көп жиналатын орындарына баруды шектеу;
- физерітіндісімен мұрын қуысын ылғандандыру немесе көшеден келгенде тұзды ерітіндімен шаю, оксалин жақпасын пайдалану;
- жаппай адамдар жиналатын орындарда және науқасқа күтім көрсету кезінде медициналық бетпердені кию;
- иммунитетті нығайту.
Егер де Сіз ауырсаңыз: асқынуды болдырмау және басқаларына жұқтырмау бойынша шаралар қолдануыңыз қажет.