Нұр-Сұлтан қаласының сауда сөрелерінде - жарамдылық мерзімі өткен өнімдер
Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі - тамақ өнімі таңбалауда мәлімделген өзінің тұтынушылық қасиеттерін сақтауға тиіс және ол өткеннен кейін мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз уақыт кезеңі.
2020 жылғы өнім қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелері бойынша Нұр-Сұлтан қаласында жарамдылық мерзімі 1 аптадан 3 айға дейін өткен тамақ өнімдері және 11 айдан 6 жылға дейінгі тағам емес мына өнімдер:
Балаларға арналған РФ-ның тағам өнімдері: «Творог детский фруктовый «Агуша» с грушей»; «Кашка 3 злака «Фруто няня» перед сном»; «Кашка 5 злаков с черносливом «Фруто няня» перед сном», «Сок из цельных яблок «Спеленок»;
сүт өнімдері: «Село Лесное» қаймағы», ҚР; «Ішуге арналған ультрапастеризацияланған «Петропавловское» сүті, ҚР;
балық өнімі: «Икра обкомовская. Ласосевая зернистая», РФ;
кондитерлік өнімдер: производства РФ «Печенье сдобное на фруктозе "Льняное" с яблоком "LaFitore"; «Печенье-сэндвич «Супер контик» шоколадный вкус»; «Вафельный торт «Русский бисквит»; «Десерт «Bonjour souffL» ваниль»; и «Шоколадные конфеты с начинкой из крема со вкусом арахиса «Mimo», РК;
жарма өнімдері: «Запеченные завтраки «Гранола с абрикосом и шелковицей», РФ; «Моментальная овсяная каша с курагой и семенами льна «Геркулес овсяная каша», РФ;
басқа тағам өнімдері: «Хрустящие сухарики со вкусом «Стейк Барбекю», РФ; «Натуральный растворимый сублимированный кофе «Arabica», РФ;
парфюмерлік-косметикалық өнімдер: «Маска косметическая для лица и тела «Dermal spa», РФ; «Салфетки «Make-up Discound», Украина;
алкогольдық сусын: «Пиво «Tanba», ҚР;
тұрмыстық химии өнімдері: «Ополаскиватель блеск Finish», РФ анықталды.
Аталған өнімдер Нұр-Сұлтан қаласының сауда желілерінде көрсетілген бұзушылық бойынша сатылатын өнімдердің толық емес ассортименті болып табылады.
Қаланың көптеген сауда желілері жарамсыз тамақ өнімдерін сатады, соның ішінде:
- «Исмайлов» ЖК-нің «Каспий» дүкені, Байқоңыр ауд., Т. Хусейн к-сі, 2/1 үй;
- «Катекова А.» ЖК-нің «7 кун дүкені, Байқоңыр ауд., Т. Хусейн к-сі, 3 үй;
- «Ансар» ЖК-нің«Нұр» дүкені, Сарыарқа ауд., Қарталы к-сі, 142/1 үй;
- «Мусина» ЖК-нің «Жагалау» дүкені, Есіл ауд., Ш. Айтматов к-сі, 36 үй:
- «Есенбекова Н.А.» ЖК-нің «Жасмин» минимаркеті, Сарыарқа ауд., Ауезов к-сі, 43/1;
- «Кемелов» ЖК-нің «Лайм» м/м, Есіл ауд., 246 к-сі, 10 үй;
- «Асхат» ЖК-нің «Карамелька» м/м, Есіл ауд., Ақмешіт к-сі, 7/1 үй;
- «СКИФ ТРЕЙД» ЖШС-ның, «SMALL» супермаркеті, Есіл ауд., Тұран д-лы, 65;
- «Team Retail Group» ЖШС-ның «ARBA маркет» с/м, Байқоңыр ауд., Иманбаева к-сі, 7А үй;
- «Trending Retail Group» ЖШС-ның «А2» с/м, Байқоңыр ауд., Иманов к-сі, 26 үй;
- «ВкусМарт» ЖШС-ның «Вкус Март» с/м, Сарыарқа ауд., Сейфуллин к-сі, 1 үй;
- «CL MANAGEMENT» ЖШС-ның «КенМart» express» с/м, Есіл ауд., Ш.Айтматов к-сі, 36 үй.
Таңбалауды бұза отырып, өнімді қабылдауға және сатуға жол берілмегеніне қарамастан, сауда орындары тұтынушылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіре отырып, жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарға жүйелі түрде жол береді.
Осыған байланысты, Департамент тұтынушыларды өнімді таңдағанда абай болуға шақырады - заттаңбадағы дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары таңбалауын мұқият зерделеу керек, өйткені кейбір өнімдер тоңазытқышта немесе тиісті температура жағдайында сақталуын талап етеді.
Сондай-ақ, таңбалау әдістеріне назар аудару керек, өйткені өндіріс күндері мен сақтау мерзімдерін жосықсыз сатушылар түзетуі мүмкін.
Өнімдер жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін тұтынылуы керек!
Өнімнің сыртқы түрі немесе таңбалануы бойынша сәйкессіздігі, сауда желілерінде тасымалдау немесе сақтау шарттарының бұзылуы анықталған жағдайда, өнімнің сәйкестігін растайтын құжаттар болмаған жағдайда, белгіленген тәртіппен аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарын хабардар ету қажет.
Сіздің денсаулығыңыз - сіздің қолыңызда!
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті