Гигиена ережесін сақтау Сіздің денсаулығыңыздың және Жаңа-жылдық мерекелік көңіл-күйіңіздің кепілі
Үйдегі мейрамдарды мерекелік үстелсіз және қонақтарсыз елестуге болмайды. Жаңа-жылдық мерекелер қарсаңында әйелдер азық-түлікті ертерек сатып алып, әр алуан тағамдар, салаттар, кондитерлік бұйымдар дайындайды. Бірақ мол тамақ - жіті ішек инфекциялық ауруы мен тамақтан улану себебі бола алады. Мерекелік күндері жіті ішек инфекциялық ауруы мен тамақтан уланудың негізгі себептері - жеке бас гигиена ережесін сақтамау, температуралық режімдер немесе оны тасымалдау және сақталу жайдайларын, тамақ дайындау технологиясын бұзу болып табылады.
Азық –түлік токсикоинфекциясына қатысты тамақтан уланудың аса қауіпті жылдам бұзылатын азық-түліктер, соның ішінде салаттар ( майонез немесе қаймақпен араластырылған), кремдермен кондитерлік бұйымдар, кесілген ет тағамдары (котлеттер, орамалар, паштеттер) және т.б. болып табылады. Жақсы жуылмаған көкөніс, жеміс- жидектердің үстерінде инфекциялық ауруларды, соның ішінде вирусты инфекция қоздырғыштары қалып қоюы мүмкін.
Мына қарапайым ережелер Сіздердің мерекелік көңіл күйлеріңізді бүлдірмеуге және аурулардың алдын алуға көмектеседі.
Тазалықты ұстаңыздар:
- ас үй ыдыстарын және ас үй құралдарын тазалықта ұстау;
- тамақ әзірлеу кезінде қолданатын ас үй құралдарын және барлық жабдықтардың үстерін жуғыш заттармен үнемі жуып отыру;
- ас үй мен азық-түліктерді кеміргіштер мен жәндіктерден қорғау;
- көкөністер, жеміс- жидектерді, көктерді ағынды сумен мұқият жуу, егер олар жас балаларға арналған болса қайнаған сумен шаю қажет.
- жұмыртқаны бөлек ыдыста арнайы жуу құралдарымен мұқият жуыңыз, содан кейін ағынды сумен шайыңыз;
Жеке бас гигиенасын сақтаңыз:
- тамақ әзірлеу алдында және шикі азық-түліктермен байланыстан кейін қолды сабындап жуу керек:
- тамақ ішер алдында, дәретханаға барған соң, көшеден келгенде қол жуу қажет.
Қолданатын дайын және шикі азық түліктерді бөлектеу:
- дайын және шикі азық- түлікті тасымалдау кезінде бөлек орамаға салыңыз;
- ет, құстың етін, теңіз өнімдерін басқа азық-түліктерден бөліңіз;
- дайын және шикі азық-түліктер араласпауы үшін жабық ыдыста ұстаңыз;
- дайын және шикі азық-түліктер үшін пышақ және тақтайды бөлек қолдану.
Тамақты дайындау технологиясын сақтаңыз:
- азық- түлікті мұқият пісіру немесе қуыру керек, әсіресе ет, жұмыртқа, теңіз өнімдері;
-ет немесе құс етін даярлау кезінде сорпасы мөлдір болуы тиіс;
-тағамды мұқият жылытыңыз - сорпаны қайнату, қуырдақты куыру.
Сақтау жағдайы мен жарамдылық мерзімін сақтаңыз:
-азық-түлікті жарамдылық мерзімін ескере отыра сақтаңыз, мерзімі өткендерді лақтырып тастаңыз;
-дайын азық-түлікті бөлме температурасында 2 сағаттан аса қалдырмаңыз;
- тез бұзылатын ет, құс еті, жұмыртқа тағамдарын, сондай-ақ паштеттерді, аспаздық өнімдерді, кремі бар кондитерлік өнімдерді, салаттарды дайындағаннан кейін бірден, әсіресе салаттарды, көп компонентті суық тағамдарды құйылған күйінде 3 сағат бойы + 2-ден 6 градус С-қа дейінгі температурада қолдану ұсынылады;
- жылдам бұзылатын тағамдарды күні бұрын дайындамаңыз, әсіресе ет, құс еті, жұмыртқа, сонымен қатар салаттар, паштеттер, пудингтер, креммен аспаздық бұйымдар;
- тамақтар мен азық-түліктерді тоңазытқышта ұзақ сақтамаңыз, әсіресе герметикалық орамы бұзылған азық-түлік болса;
- азық-түлікті комнаталық температурада ерітпей, тоңазытқыш камерасында еріткен дұрыс.
- үй консервіленген өнімдерін заңсыз сауда орындарында кездейсоқ тұлғалардан, "шағын базарлардағы" әжелерден сатып алмаңыз! Ісінген банкалардан өнімдерді жеуге болмайды!
- "күмәнді" өндірушілерден крем-кондитерлік өнімдерді (торттарды) сатып алмаңыз.
Улану симптомдары кезінде алдымен асқазанды жуып, дереу дәрігерге медициналық көмекке жүгіну керек екенін есте сақтау маңызды! Өйткені бұл сіздің өміріңізге қауіпті болуы мүмкін…