Меню

Страницы

Статья

«Шаштараз және косметикалық қызметтер көрсететін объектілерді күтіп ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

 

Шаштараз және косметикалық қызметтер көрсететін объектілерді күтіп ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

Шаштараз және косметикалық қызметтер көрсететін объектілерді орналастыруға және күтіп-ұстауға қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы (ҚР) Денсаулық сақтау министрінің (ДСМ) 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» бұйрығымен регламенттеледі.

Көрсетілетін қызметтердің тізбесіне қарай бьюти-объектілер эпидемиялық маңыздылығы бойынша екі санатқа бөлінеді:

-                     жоғары эпидемиялық маңыздылығы бар объектілер: емдік-косметологиялық орталықтар, тері жамылғысының

немесе шырышты қабықтардың тұтастығын бұзумен байланысты рәсімдер жүргізілетін салондар мен кабинеттер (инъекциялық

косметология, татуаж, пирсинг, перманентті макияж). Мұндай объектілер қызметін бастамас бұрын санитариялық-эпидемиологиялық

қорытынды алуға 

міндетті;

-                     елеусіз эпидемиялық маңыздылығы бар объектілер: тері жамылғысының тұтастығын бұзбайтын қызметтер көрсететін

кәдімгі шаштараздар мен студиялар (шаш қию, шаш үлгісін жасау, хирургиялық араласуларсыз тырнақ күтімі қызметтері). 

Олар қызметтің 

басталғаны туралы хабарлама беру тәртібімен жұмыс істейді. 

Объектіні орналастыруға және үй-жайларға қойылатын талаптар

- жұмыс орнының ауданы: бір шаштараздың жұмыс орнының ауданы кемінде 6,0 шаршы метр болуы тиіс;

-                     аймақтарға бөлу: егер бір залда әртүрлі қызмет түрлері көрсетілсе, жұмыс аймақтары биіктігі кемінде 1,8 м

болатын қалқалармен немесе ширмалармен бөлінуі қажет. Объектінің бейініне қарай оның құрамында қызмет көрсету залдары

(шаштараз, маникюр, педикюр залдары; косметологиялық және массаж кабинеттері); құралдарды дезинфекциялау және стерильдеу үшін

(ыстық және суық су жүргізілген қолжуғышпен жабдықталған арнайы орын, персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар/аймақтар

(жұмыс орындарында)

креслолар арасындағы қашықтық: жұмыс креслоларының арасы кемінде 1,8 м, ал шеткі креслодан қабырғаға дейінгі қашықтық

кемінде 0,7 м болуы тиіс; 

сумен жабдықтау: әрбір шаштараздың жұмыс орны шаш жууға арналған айнасы бар үстелмен және раковинамен жабдықталады.

Персоналдың қолын жууға арналған жеке раковиналар орнатылады

Санитариялық күтіп-ұстау және құралдарды өңдеу

-                     терінің зақымдану қаупімен байланысты рәсімдерде (маникюр, педикюр, косметологиялық манипуляциялар, татуаж)

қолданылатын барлық құралдар үш кезеңді өңдеуден міндетті түрде өтеді: дезинфекциялау, стерильдеу алдындағы тазалау және стерильдеу

-                     Шаштараз құралдары (тарақтар, щеткалар, қайшылар) әрбір клиенттен кейін шаштан тазартылады, ағынды сумен

жуылады және нұсқаулыққа сәйкес дезинфекцияланады. Өңдеуден кейін құралдар қайта ластануды болдырмайтын жағдайларда с

ақталады. УФ-камера өңделген құралдарды сақтауға пайдаланылады;

-                     Әрбір келушi дербес қолдануы үшін таза киім-кешек қорымен (сүлгiлер, сулықтар, ақжаймалар және басқалары)

қамтамасыз етіледі. Пеньюарлар тек таза сулықпен немесе бір рет қолданылатын жаға, астылық лентамен қолданылады;

-                     үй-жайларда ҚР-да қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, күн сайын ылғалды жинау

жүргізіледі (айына 1 рет міндетті түрде жалпы жинау жүргізіледі). Жинау мүкәммалы таңбаланады, үй-жайлардың функционалдық

мақсатына сәйкес пайдаланылады және арнайы бөлінген орында (үй-жайда) сақталады.

Персоналға және еңбек гигиенасына қойылатын талаптар

-                     Медициналық қарап-тексерулер: әрбір қызметкерде жұмысқа қабылданған кезде алдын ала және мерзімдік медициналық

қарап-тексерулерден, сондай-ақ гигиеналық оқытудан өткендігі туралы белгілері бар жеке медициналық кітапшасы болуы тиіс; 

-                     Қол гигиенасы: персонал әрбір клиентке қызмет көрсетуді бастар алдында және аяқтағаннан кейін қолын сабынмен мұқият

жууға міндетті. Тері антисептиктері қолданылады; 

-                     Инфекциялардың (АИТВ, В және С гепатиттері) профилактикасы: тері жамылғысының зақымдану қаупімен

байланысты манипуляциялар кезінде шебер бір рет қолданылатын қолғаппен жұмыс істеуге міндетті. 

-                     Арнайы киім: шеберлер таза санитариялық киіммен (халаттар, алжапқыштар, маскалар) қамтамасыз етілуі тиіс.

Дата публикации
13 октября 2026
Дата обновления
13 октября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
«Правила перевозки опасных грузов»
19 октября 2026
«Салауатты тамақтануды насихаттау»
16 октября 2026
e-SEN: санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің цифрлық мүмкіндіктері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы