«Тамақтану сапасын қамтамасыз етудегі бракераж комиссиясының рөлі»
Білім беру ұйымдарында балаларды сапалы әрі қауіпсіз тамақпен қамтамасыз ету – маңызды міндеттердің бірі.
Бұл бағытта бракераж комиссиясының жұмысы ерекше рөл атқарады.
Комиссия тағамның сапасы мен қауіпсіздігін күнделікті бақылап, өнімдердің жарамдылық мерзімін, тағамның рецептураға сәйкестігін,
шығымын және температурасын тексереді. Дайын тағамның сыртқы түрі, иісі, дәмі мен консистенциясы да бағаланады.
Сонымен қатар комиссия тәуліктік сынамалардың дұрыс алынуы мен сақталуын, тамақтану сапасына қатысты пікірлердің ескерілуін
және анықталған кемшіліктердің жойылуын бақылайды.
Бақылау нәтижелері бракераж журналына тіркеледі. Онда тағамға берілген баға, анықталған ескертулер және сынама алынған уақыт көрсетіледі.
Бұл – тамақтану сапасын тұрақты бақылауға мүмкіндік беретін маңызды құжат.
Бракераж комиссиясының құрамына білім беру ұйымы әкімшілігінің өкілі, медицина қызметкері, өндіріс меңгерушісі және ата-аналар
комитетінің өкілі кіреді. Комиссия жұмысы білім беру ұйымы басшысының бақылауымен жүзеге асырылады.
Бракераж комиссиясының басты міндеті – сапасыз, жарамдылық мерзімі өткен немесе қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тағамның
балаларға берілуіне жол бермеу.
Бұл жұмыс тамақтан уланудың және тағам арқылы таралатын жұқпалы аурулардың алдын алуға, сондай-ақ балалардың
денсаулығын қорғауға бағытталған.
Сапалы және қауіпсіз тамақтануды қамтамасыз ету – бала денсаулығын қорғауға бағытталған ортақ маңызды міндет.