Меню

Страницы

Статья

«Баланы мектепке қалай дайындауға болады? Мектепке қажетті керек-жарақтарды таңдау бойынша ұсыныстар»

«Баланы мектепке қалай дайындауға болады?

Мектепке қажетті керек-жарақтарды таңдау бойынша ұсыныстар»

 

Баланы мектепке дайындау - оның психологиялық, физикалық бейімделуін және Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық талаптары (ҚР ДСМ № ҚР ДСМ-76 бұйрығы) мен Кеден одағының техникалық регламенттеріне (КО ТР 007/2011) сай қауіпсіз мектеп құралдары мен киімдерін таңдауды қамтитын кешенді процесс. Бұл нормалар баланың денсаулығын ауырлықтан, улы материалдардан және жарақаттан қорғайды.

Мектеп рюкзактарын (сөмкелер мен портфельдерді) таңдау адам денесінің жағдайына (осанка) тікелей әсер етеді. КО 007/2011 ТР және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарына сай рюкзак келесі параметрлерге сәйкес келуі керек:

-                     оқулықтарсыз бос рюкзактың салмағы 700 грамнан (бастауыш сыныптар үшін) және 1000 грамнан (жоғары сыныптар үшін) аспауы тиіс;

-                     толтырылған сөмке салмағы бала салмағының 10%-ынан аспауы керек (мысалы, оқушының салмағы 30 кг болса, жиналған рюкзактың салмағы 3 кг ға дейін жетуі керек)

-                     кұрылымы: арқа бөлігі міндетті түрде ортопедиялық (қатты) болуы шарт. Бұл омыртқаның қисаюын алдын алады

-                     рюкзактың белдіктері кең (4-4,5 см), жұмсақ, баланың өсуіне сәйкес ұзындығы реттелуі керек.

Қауіпсіздік: түнде немесе ымыртта баланың жолдан өтуі қауіпсіз болуы үшін рюкзактың алдында, жанында жарық шағылыстырғыш элементтері (светоотражатели) болуы заңмен талап етіледі

Рұқсат етілген күнделікті жиынтықтың (рюкзактың салмағын есептемегенде оқулықтар, канцелярия заттары) салмағы, ҚР санитарлық ережеге (СЕ) сай: 1-3 сыныптар: 2,0 кг дейін; 4-5 класс - 2,5 кг дейін; 6-7 класс - 3,5 кг дейін; 8-11 класс - 4,5 кг дейін.

Мектеп формасы мен аяқ-киімдеріне КО ТР-на сай:

-                     таңбалауына (жапсырмада (ярлыкте) ЕАЭО нарығында өнім айналымының - EAC бірыңғай белгісі болуы тиіс. Мәтінде матаның құрамы, өндірушінің деректері және күтім бойынша ұсыныстар болуы керек)

- матаның құрамына (табиғи (мақта, жүн) талшықтардың жоғары пайызы. Синтетикаға тек беріктік үшін рұқсат етіледі (астары мен блузкаларында/жейделерінде 30-35% - дан аспайды), өйткені киім жоғары тыныс алу және гигроскопиялық (ылғалды сіңіру)болуы керек)

- иісі және бояғыштарына (пішінде қатты химиялық иіс болмауы керек. Бояу теріде қалдық қалдырмауы немесе жуу кезінде төгілмеуі керек)

-                     арматураның қауіпсіздігіне (құлыптар, түймелер мен молниялар жарақаттайтын бөлшектер болмауы керек)

-                     стилі мен киімнің (пішуіне) кесілуіне (классикалық іскерлік стиль, еркін кесілген шалбар; тобықты жабатын классикалық іскерлік стил және еркін кесілген шалбар. Киім іш қуысына қысым жасамауы керек және қозғалысты шектемеуі керек) назар аударыңыз.

Мектеп-жазу құралдары, канцелярия жабдықтары, сонымен қатар КО «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» 007/2011 ТР талаптарының әрекетіне (қолданысқа) енеді:

- дәптерлер (дәптер парақтары өте ақ (көзді талдырады) немесе сарғыш болмауы тиіс. Санитарлық норма бойынша дәптер парағының түсі сүттей ақ немесе ашық кілегей түсті, ал сызықтары анық, бірақ тым қою болмауы керек. Дәптер сызғышы (тор, сызғыш) анық болуы керек, бірақ тым ашық емес (күлгін, жасыл немесе сұр)

қаламдар мен қарындаштар (өткір химиялық иісі болмауы шарт. Бояулары қолға жұқпайтын, пластик бөліктері сапалы, КО ТР 007/2011 сәйкестік сертификаты бар өнімдерді ғана сатып алыңыз. Үшбұрышты қарындаштар мен қаламдар бастауыш сынып оқушылары үшін ұсынылады - олар жазу құралын дұрыс ұстауға және қолдың шаршауын азайтуға көмектеседі)

пластилин, бояулар, маркерлерді «улы қауіпсіз» деп белгіленген өнімдерді таңдаңыз. Балалар бояулары мен пластилиннің құрамында органикалық еріткіштер мен ауыр металдар болмауы керек.

Департаментзаттарды (әсіресе рюкзактар мен аяқ киімдерді) «баланың өсуіне қарай»сатып алуға тыйым салады, өйткені:

- бұл анатомиялық пропорцияларды бұзады және денсаулыққа зиян тигізеді;

- сапасына күмәндансаңыз, сатушыдан сәйкестік сертификатын талап етіңіз;

- тауарларды стихиялық базарлардан емес, ресми сауда орындарынан сатып алыңыз;

- заттардың таңбалауын тексеріңіз: нақты таңбашаның болмауы - контрафактінің басты белгісі

Сонымен қатар, Департамент баланың мектепке бейімделуін жеңілдету, психологиялық және физикалық дайындығы үшін балалардың күн тәртібін қалыптастыруға, дербестікке үйретуге мына ережелерді:

-                     оқу жылы басталудан 2-3 апта бұрын баланы мектеп уақытымен ұйықтатып, ерте тұрғызуға (бастауыш сынып баласы тәулігіне кемінде 9-10 сағат ұйықтауы) тиіс;

- баланың үй тапсырмасын орындайтын үстелі мен орындығы оның бойына сәйкес келуі керек (бойы 120 см бала үшін үстел биіктігі 52 см, 120 см-ден жоғары болса - 60 см). Жарық сол жақтан (солақай балалар үшін оң жақтан) түсуі тиіс;

- бала өз бетімен киіне алуы, оқу құралдарын сөмкеге жинай алуы және қарапайым гигиена ережелерін (дәретханадан кейін және тамақтанар алдында қолды сабынмен жуу) сақтауды ұсынады.

Заттарды сатып алу кезінде ең бастысы - өнімнің бала денсаулығына зиянсыздығы мен гигиеналық қауіпсіздігі!

 

Дата публикации
24 сентября 2026
Дата обновления
24 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
«Правила перевозки опасных грузов»
19 октября 2026
«Салауатты тамақтануды насихаттау»
16 октября 2026
e-SEN: санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің цифрлық мүмкіндіктері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы