Меню

Страницы

Статья

Өнімдерге (тауарларға) бақылау сатып алуды жүргізу тәртібі туралы ақпарат

Өнімдерге (тауарларға) бақылау сатып алуды жүргізу тәртібі туралы ақпарат

 

Өнімдерді (тауарларды) бақылау сатып алу (БС) рәсімі Қазақстан Республикасының (ҚР) қолданыстағы Кәсіпкерлік кодексімен және салалық ведомстволық қағидалармен реттеледі.

Елордада бұл қызметті Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (СЭБ) аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен бірлесіп жүзеге асырады.

Департамент өнімдердің қауіпсіздігін және техникалық регламенттерге сәйкестігін тексеру мақсатында азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға бақылау сатып алуды жүргізеді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына, балалар ойыншықтарына, жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне, сондай-ақ биологиялық белсенді қоспаларға (ББҚ) ерекше назар аударылады.

Бақылау сатып алу сауда субъектісіне алдын ала хабарламай, тікелей гипер-, супермаркеттерде, мамандандырылған дүкендерде және дәріханаларда жүргізіледі. Бақылау сатып алу барысында мамандар фотоға түсіруді, аудио- және бейнежазбаны пайдаланады.

Бақылау сатып алуды жүргізуге Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің тапсырмалары негіз болып табылады. Мұндай тапсырмалар азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың өтініштері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәліметтер, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) елдерінде қауіпті өнімдердің анықталғаны туралы ресми ақпарат негізінде беріледі.

2026 жылдың 8 айында бақылау сатып алу шеңберінде техникалық регламенттерге (ТР) және/немесе ЕАЭО Бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына (БСЭГТ) сәйкестігіне 1 906 өнім үлгісі сатып алынып, зерттелді, оның ішінде (отандық өндіріс өнімі - 332; ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнімі - 712; басқа мемлекеттердің өнімі - 862). Зерттелген өнімдердің ішінде: азық-түлік өнімдері - 1 386 үлгі (73%), азық-түлікке жатпайтын өнімдер - 520 үлгі (27%).

Зерттелген 1 906 өнім үлгісінің 137-сі немесе 7%-ы ЕАЭО-ның ТР және БСЭГТ талаптарына сәйкес келмеді, оның ішінде (ҚР өнімі - 15, ЕАЭО елдерінің өнімі - 16, басқа елдердің өнімі - 106)

Бұзушылықтардың басым бөлігі (95%-дан астамы) дәстүрлі түрде өнімдердің (тауарлардың) ҚР-ның заңнамасында белгіленген таңбалау талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты.

2026    жылдың 8 айында елордада бақылау сатып алу нәтижелері бойынша мынадай сәйкессіздіктер тіркелді:

-         таңбалау бойынша - 78,2%, немесе 107 үлгі, атап айтқанда (мемлекеттік тілде ақпараттың, өнімнің құрамы, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі және басқа да қажетті мәліметтердің болмауы)

-       микробиологиялық көрсеткіштер бойынша - 6,6%, немесе 9 үлгі (Германияда өндірілген «MOLECULE PLUS» арықтауға арналған ББҚ-да КМАжФАМ (мезофильді аэробты және факультативті-анаэробты микроорганизмдер саны) және зең көрсеткіштерінің жоғары болуы; өндірушісі белгісіз «Хан бургер» аспаздық өнімінен КМАжФАМ көрсеткішінің жоғары болуы; ҚР өндірісінің «Сиыр етінің жауырын бөлігі» ет өнімінен ІТТБ (ішек таяқшалары тобы бактерияларының) анықталуы; Ресей Федерациясында «АО «ЭйчЭнд Эн» өндірген «Простоквашино» 2% және 9% сүзбесінің үлгілерінен ашытқылардың анықталуы; өндірушісі белгісіз «Mazafiti Dates», «Handa» құрмаларында және Иранда өндірілген «Madina» құрмаларында зең көрсеткіштерінің жоғары болуы; ҚР өндірісінің кептірілген жемісінде (мейіз) зең көрсеткішінің жоғары болуы)

-       физикалық-химиялық және санитариялық-гигиеналық көрсеткіштер бойынша - 6,6%, немесе 9 үлгі (сүт өнімдеріндегі нормаланатын май қышқылдарының құрам көрсеткіштерінің жоғары және төмен болуы: ҚР, Қостанай қаласында «ТОО «Милх» өндірген «Новый день» 3,2% сүті; ҚР, Петропавл қаласында «ТОО «Маслодел» өндірген «Петропавловское молоко» 6% және 3,2% сүті); ҚР, Түркістан облысында «ТОО «Aykan» өндірген «Эмир» «Моцарелла» ірімшігі; 6-7) май-тоң май өнімдеріндегі май қышқылдарының транс-изомерлері (ТЖҚ) нормаланған көрсеткішінің жоғары болуы: ҚР, Алматы қаласында «ТОО «Маслодел FOOD» өндірген «Деревенское 72,5%» спреді және «Жайлау 60%» өсімдік-кілегейлі спреді;
Ресей Федерациясында «ООО «Объединение «Союзпищепром» өндірген «Царь» ұнының (2 үлгісінде) темір мен мырыш концентрациясының төмен болуы)

-       физикалық факторлар бойынша - 0,7%, немесе 1 үлгі (Қытайда өндірілген жеңіл өнеркәсіп өнімі: «Әйелдер пижамасындағы» электростатикалық өріс деңгейінің рұқсат етілген шекті деңгейден (РШД) жоғары болуы)

-       токсикологиялық көрсеткіштер бойынша - 0,7%, немесе 1 үлгі (Қытайда өндірілген «Үлкен бинокль» ойыншығынан метил спирті мен диоктилфталаттың рұқсат етілген концентрациядан жоғары мөлшері)

-       нитраттардың құрамы бойынша - 2,2%, немесе 3 үлгі (Өзбекстанда өндірілген жеміс-көкөніс өнімдерінен (қарбыз, «Торпеда» қауыны), сондай-ақ өндірушісі белгісіз баклажаннаннитраттардың мөлшерінің жоғары болуы)

-       қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша - 0,7%, немесе 1 үлгі (ҚР, Астана қ., Ақжол даңғылы, 27 мекенжайындағы «ТОО «Real Trade Astana» өндірген «Qazaqstan Shai» «Кениялық түйіршіктелген қара шайы» өнімінен «Күн батар сары» және «тартразин» бояғыштары анықталды, бұл көрсеткіштер бойынша олардың болуына жол берілмейді)

-       тұтынушыны алдау фактілері бойынша - 3,6%, немесе 5 үлгі (полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен «шошқа ДНҚ-сы» анықталды: ҚР, Павлодар қаласында «ТОО «Smak-PV» өндірген «Сиыр етінен жасалған мұсылмандық тұшпара» және «тауық филесі»; РФ, Мәскеу облысында «АО «ОМПК» өндірген «Папа может» сауда маркасымен «Филейная» және «Экстра» пісірілген шұжықтары, «Сиыр еті қосылған сосискалары»; РФ, Мәскеу қаласында «АО «ЧМПЭ» өндірген «Сервелат Зернистый» пісіріліп-қақталған шұжығы)

жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнім бойынша - 0,7%, немесе 1 үлгі («Нұра» ауданындағы Мұхамедханов көшесі, 4Б мекенжайында орналасқан «My mart» минимаркетінде «ТОО «Food Retail PRO» тарапынан)жарамдылық мерзімі өтіп кеткен «Кублей» табиғи тынық мұхиттық сайрасы, май қосылған балық» өнімінің сатылғаны)

Өнімдердің стандарттарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда ведомство нұсқамалар береді, қауіпті өнімдерді айналымнан алып қояды және сауда субъектілеріне, жеткізушілерге және өндірушілерге қатысты заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті шаралар қабылдайды.

Сәйкес келмейтін өнімдерді сатылымнан шұғыл қайтарып алу үшін сауда субъектілеріне жедел ден қою шараларын (ЖДШ/МОР) қолдану туралы 30 қаулы табысталды. Олардың негізінде жеткізушіге қайтару үшін жалпы сомасы 1 757 944 теңге болатын 360 кг өнім айналымнан қайтарылды.

Бақылау сатып алу барысында анықталған бұзушылықтар туралы актілердің (ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес) негізінде 33 тексеру жүргізілді, сондай-ақ ЖДШ/МОР-дың орындалуын бақылау бойынша 27 жоспардан тыс тексеру өткізілді.

Техникалық реттеу саласындағы заңнама талаптарының бұзылу фактілерін растау мақсатында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Департаментіне (ДКТРМ) 11 материал жолданды.

Астана қаласында бақылау сатып алуларын жүргізу бойынша өзекті ақпарат ай сайын жарияланып отырады.

 

Дата публикации
24 сентября 2026
Дата обновления
24 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
«Правила перевозки опасных грузов»
19 октября 2026
«Салауатты тамақтануды насихаттау»
16 октября 2026
e-SEN: санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің цифрлық мүмкіндіктері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы