Интернет-дүкендер мен интернет арқылы тапсырыс беру кезінде нені білу қажет
Интернет-дүкендер мен жеткізу қызметтерін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексімен және бейінді (ҚР ДСМ № ҚР ДСМ-73 және № ҚР ДСМ-16 бұйрықтары) санитарлық ережелермен реттеледі.
Интернет-тапсырыстарға (дайын тағам мен азық-түлікті жеткізуге) қойылатын талаптар санитариялық-эпидемиологиялық (КО «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ТР, Санитарлық ережелер, Ұлттық стандарттар) ережелермен реттеледі, олар өнімді дайын тамақ (қоғамдық тамақтану) және зауыт өнімдері (зауыттық қаптамадағы) екі санатқа бөлінеді.
Дайын тағам мен азық-түлікті жеткізудегі негізгі мақсат - температура режимін сақтау, айқас ластануды болдырмау және тұтынушыны уланудан қорғау.
Әрбір дайын тағам мен азық-түлік заты қаптамасында: атауы мен өндірушінің мекен-жайы; дайындаудың нақты күні мен уақыты (минутқа дейін); жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары көрсетілген затбелгі болуы керек.
Қысқа мерзімде (әдетте жергілікті стандарттарға байланысты орамнан кейін 1-3 сағат ішінде) тұтынушыға жеткізуді жүзеге асырылуы керек.
Салаттарға,біріншіжәнеекіншітағамдарғаалдын-ала тұздықтарды қосуға тыйым салынады, тұздықтартекбөлек түрдежеткізіледі.
Ыстық тағамдар (сорпалар, пиццалар) және суық (суши, десерттер) жылу алмасуды болдырмау үшін әртүрлі жылу пакеттерінде немесе оқшауланған түрде тасымалданады.
Өнеркәсіптік өндіріс тауарлары үшін (дарксторлар мен супермаркеттерден) түпнұсқа қаптаманың сақталуына баса назар аударылады. Зауыттық қаптама бұзылмауы, деформацияланбауы немесе ластанбауы керек. Сатылатын өнім ЕАЭО техрегламенттеріне сәйкес келуі тиіс.
Интернет-дүкендердің қызметі (әсіресе азық-түлік, диеталық қоспалар, балалар тауарлары мен косметика сататын) бақылау сатып алу және қашықтықтан мониторинг шеңберінде тексеруге жатады.
Тұрмыстық химияны (жуу ұнтақтар, сабындар) және азық-түлікті бір пакетке салуға қатаң тыйым салынады. Шикі ет/балық дайын өнімдерден (нан, шұжық, ірімшік) бөлек жеткізілуі керек.
Мұздатылған тағамдар құрғақ азық-түлік өнімдерінен бөлек жиналады. Азық-түлікті ашық немесе улы жүктермен бірге тасымалдауға болмайды.
Тауармен байланыста болатын курьерлер, тапсырыс жинаушылар және қоймашылар тұрақты алдын ала және мерзімді медициналық тексерулерден өтуге және гигиеналық дайындықтан өтуге міндетті., жеке медициналық кітапшалары болуы керек. Қазақстанда e-sen бірыңғай цифрлық жүйесі іске қосылды, ол медициналық тексеруден өтіп кеткен қызметкерлердің жіберілуіне автоматты түрде тосқауыл қояды.
Көліктіңсанитарлықжағдайы:
- зақымдалған, жыртылған жабдықты пайдалануға тыйым салынады:
- жылу сөмкелерінің ішінде курьердің жеке заттарын, өз тамағын немесе киімін сақтауға тыйым салынады.
Тұтынушының заңды талаптары мен құқықтары:
- әрбір интернет-тапсырыс жеткізу сервисінің есептік құжаттамасында (атауы, уақыты, мекенжайы) тіркелуі тиіс;
- қоғамдық тағамдық пен жеткізу сервистер тұтынушыға/клиентке тағамдардың/өнімдердің құрамы, кбжу (калория, белок, май/жир, углевод), аллергендер, жарамдылық мерзімі және өндірушілер туралы төлем сәтіне дейін толық ақпарат беруге міндетті;
- тұтынушы/сатып алушы курьердің қатысуымен қаптаманың зақымдалуына және жиынтықтың сәйкестігіне тапсырысты тексеруге заңды құқығы бар. Егер тауар бүлінген болса (температура режимі бұзылған, балмұздақ еріген), клиент одан бас тартуға құқылы;
- сонымен қатар, курьердің қатысуымен тұтынушы немесе сатып алушы тапсырысты қабылдап алу және төлем жасауге дейін, оралымның бүтінділігін, санын, және комплектациялығын қарауы заңды құқықты. Егер тауар (температурасы бұзылған, балмуздақтың еруі) бүлінген болса, тұтынушы одан бас тартуға құқықты