Меню

Страницы

Статья

2026 жылдың 7 айындағы бақылау сатып алулар нәтижелері, оның ішінде сәйкес келмейтін өнімдерді анықтау қорытындылары бойынша.

2026 жылдың 7 айындағы бақылау сатып алулар нәтижелері, оның ішінде сәйкес келмейтін өнімдерді анықтау қорытындылары бойынша

      Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында техникалық регламенттердің және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарының талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің (тауардың) өткізілуін анықтау және жолын кесу мақсатында бақылау және қадағалау субъектісін алдын ала хабардар етпей, өнімді (тауарды) бақылау сатып алуын жүргізеді.

     Өнімді (тауарды) бақылау сатып алуы осы Кодекске, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау сатып алуын жүзеге асыру тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

     Ағымдағы 2026 жылдың 7 айында Астана қаласы бойынша бақылау сатып алуы шеңберінде техникалық регламенттердің (ТР) және/немесе Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарының (БСЭГТ) талаптарына сәйкестігіне 1526 өнім сынамасы зерттелді. Оның ішінде отандық өнім – 261, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнімі – 586, басқа мемлекеттердің өнімі – 679. Зерттелген өнімдердің 1158-ы (76 %) азық-түлік өнімдері, 368-сы (24%) азық-түлікке жатпайтын өнімдер болды.

    Зерттелген 1526 өнім үлгісінің ішінде 91 сынама техникалық регламенттердің және/немесе Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық қағидаларының талаптарына сәйкес келмеді. Сәйкес келмейтін өнімдердің үлес салмағы жалпы сынамалар санының 6%-ын құрады.

    Сәйкес келмейтін өнімдердің негізгі бөлігі (78%) импортталатын өнімдерге тиесілі, бұл импорттық өнімдерге бақылауды күшейту қажеттігін көрсетеді.

    Анықталған бұзушылықтардың құрылымы:

    – таңбалау көрсеткіштері бойынша – 69,2 %, немесе 63 сынама. Өнім таңбалауында (өндірілген күні, жарамдылық мерзімі, өндіруші ел, өндіруші, импорттаушы, мекенжайы, мемлекеттік тілдегі аудармасы, сәйкестікті бағалаудан өткенін растайтын ЕАС белгісі, генетикалық түрлендірілген организмдер (ГМО) туралы мәліметтер және басқа да ақпараттар болмаған;

   – микробиологиялық көрсеткіштер бойынша – 8,7 %, немесе 8 сынама талаптарға сәйкес келмеді. Бұзушылықтар сүт өнімдерінде, биологиялық белсенді қоспаларда (ББҚ), көкөністер мен жемістерде тіркелді. Негізгі ауытқулар мезофильді аэробты және факультативті-анаэробты микроорганизмдер санының (МАФАнМ) артуымен, ішек таяқшалары тобы бактерияларының (ІТТБ), зеңдер мен ашытқылардың анықталуымен байланысты болды;

    – физика-химиялық көрсеткіштер бойынша – 9,8 %, немесе 9 сынама талаптарға сәйкес келмеді. Бұзушылықтар ұнда (оның ішінде фортификацияланған ұнда) витаминдік-минералдық құрамның сәйкессіздігі бойынша, сүт өнімдерінде май қышқылдары құрамының сәйкессіздігі бойынша анықталды. Сонымен қатар май және май өнімдерінде май қышқылдарының транс-изомерлерінің мөлшері белгіленген нормадан (2%-дан аспауы тиіс) жоғары болған;

    - нитраттар мөлшері бойынша – 3,2 %, немесе 3 сынама (нитраттардың жоғары мөлшері жеміс-көкөніс өнімдерінен анықталды: қарбыздан, «Торпеда» сұрыпты қауыннан (өндірілген елі – Өзбекстан) және шығу тегі белгісіз баялдыдан).

    – қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша – 2,1 %, немесе 2 сынама талаптарға сәйкес келмеді.

   Бұзушылықтар өзге де азық-түлік өнімдерінде (шайда) анықталды, онда қолдануға тыйым салынған тағамдық бояғыштар табылған;

   – сондай-ақ тұтынушыларды жаңылыстыру фактілері анықталды – 5,4 %, немесе 5 сынама.

   – вирусологиялық көрсеткіштері бойынша – 4,3 %, немесе 4 сынаманың құрамында шошқа ДНҚ-сы табылды, бұзушылықтар шұжық өнімдері мен аспаздық өнімдерден анықталды.

    Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінен бұзушылықтар анықталды. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша ересектерге арналған бұйым – әйелдер пижамасында электростатикалық өріс кернеулігінің шекті рұқсат етілген деңгейінен асу фактісі анықталды.

    Негізінен бұзушылықтар ойыншықтарда, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінде, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдерде анықталды. Өнімдердің таңбалануында дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, өндіруші ел туралы мәліметтер, өндіруші, импорттаушы, өндірушінің (импорттаушының) мекенжайы, мемлекеттік тілдегі ақпарат, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) нарығында өнімнің айналымға шығарылғанын растайтын бірыңғай белгі (EAC), баланың ең төменгі жасы туралы мәліметтер, шикізаттың түрі мен массалық үлесі көрсетілмеген. Бұдан басқа, ойыншықтардың бірінен келесі көрсеткіштер бойынша рұқсат етілген концентрациялардың асып кетуі анықталды: метил спирті – 0,34 мг/дм³ (рұқсат етілген норма – 0,2 мг/дм³-ден аспауы тиіс), диоктилфталат – 2,78 мг/дм³ (рұқсат етілген норма – 2,0 мг/дм³-ден аспауы тиіс).

     Сәйкес келмейтін өнімдерді сауда айналымынан жедел түрде алып тастау мақсатында сауда субъектілеріне жедел ден қою шараларын (бұдан әрі – жедел ден қою шаралары) қолдану туралы 30 қаулы табысталды. Осы қаулылар негізінде жеткізушіге қайтару үшін 353,40 кг. өнім саудадан кері қайтарылды.

     Сондай-ақ бақылау сатып алуы барысында анықталған бұзушылықтар туралы актілер негізінде 30 тергеп-тексеру жүргізіліп, Жедел ден қою шаралары (МОР) орындалуын бақылау мақсатында 25 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Дата публикации
05 августа 2026
Дата обновления
05 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
«Правила перевозки опасных грузов»
19 октября 2026
«Салауатты тамақтануды насихаттау»
16 октября 2026
e-SEN: санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің цифрлық мүмкіндіктері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы