Жіті ішек инфекцияларының маусымдық профилактикасы
Жіті ішек инфекциялары дегеніміз не?
Жіті ішек инфекциялары (ЖІИ) – асқазан-ішек жолын зақымдайтын бактериялар, вирустар және басқа да патогенді микроорганизмдер қоздыратын жұқпалы аурулар тобы.
Аталған инфекциялар әсіресе ерте жастағы балалар, егде жастағы адамдар және иммундық жүйесі әлсіреген адамдар арасында ауыр өтеді. Уақтылы медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда ауру ағзаның сусыздануына және басқа да ауыр асқынулардың дамуына әкелуі мүмкін.
Жұқтырудың негізгі себептері
Жіті ішек инфекцияларының негізгі жұғу себептері:
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Астана қаласында жіті ішек инфекциясының 993 жағдайы тіркелді. Сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 63,03-ті құрады. 2025 жылдың осы кезеңінде 1 039 жағдай тіркеліп, сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 68,73 болған. Осылайша, сырқаттанушылық деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,3 %-ға немесе 46 жағдайға төмендеді.
Соған қарамастан, қалыптасқан климаттық жағдайлар эпидемиологиялық қырағылықты күшейтуді талап етеді. Биыл жаһандық климаттың өзгеруі аясында елордада қалыптан тыс жоғары ауа температурасы байқалуда. Ыстық ауа райы тағам өнімдерінің тез бұзылуына және ауру қоздырғыштарының белсенді көбеюіне қолайлы жағдай туғызады. Осыған байланысты тұрғындардың профилактикалық шараларды қатаң сақтауы аса маңызды.
Алдын алу шаралары
Жіті ішек инфекцияларының алдын алу үшін:
Ауру белгілері байқалған жағдайда не істеу қажет?
Жіті ішек инфекциясының белгілері пайда болған жағдайда өздігінен емделуге болмайды. Мүмкіндігінше ертерек медициналық көмекке жүгіну қажет.
Дәрігер келгенге дейін ағзаның сусыздануының алдын алу мақсатында сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдау ұсынылады. Антибактериялық препараттарды тек дәрігердің тағайындауы бойынша ғана қолдану қажет.
Есте сақтаңыз: аурудың алдын алу оны емдеуге қарағанда әлдеқайда тиімді.
Жеке бас гигиенасын сақтау, қауіпсіз тағам өнімдерін пайдалану және оларды сақтау талаптарын орындау – жіті ішек инфекцияларының алдын алудың ең тиімді жолы.
Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына қамқорлық жасаңыз!