Тағамнан уланудың алдын алу жолдары
Қарапайым сақтық шараларын сақтау өзіңізді және отбасыңызды тағамнан уланудан қорғауға көмектеседі.
- Қолыңызды сабынмен жуыңыз: тамақ дайындау және тамақтану алдында, шикі етпен, балықпен және жұмыртқамен жұмыс істегеннен кейін, дәретханаға барған соң, көшеден келгенде және жануарлармен байланыстан кейін.
- Сапалы азық-түлік таңдаңыз. Өнімдерді тек сенімді сауда орындарынан сатып алыңыз, жарамдылық мерзімін және қаптамасының бүтіндігін тексеріңіз. Жағымсыз иісі бар, түсі өзгерген немесе бұзылу белгілері байқалатын өнімдерді сатып алмаңыз.
- Азық-түлікті дұрыс сақтаңыз. Тез бұзылатын өнімдерді тоңазытқышта сақтаңыз. Дайын тағамды бөлме температурасында екі сағаттан артық қалдырмаңыз. Қаптамада көрсетілген сақтау талаптарын сақтаңыз.
- Тағамды мұқият термиялық өңдеңіз. Етті, құс етін, балықты және жұмыртқаны толық пісіріңіз. Жануар тектес шикі немесе шала піскен өнімдерді тұтынбаңыз.
- Айқаспалы ластануға жол бермеңіз. Шикі өнімдер мен дайын тағамдарға арналған бөлек кесу тақтайлары мен пышақтарды пайдаланыңыз. Шикі өнімдерді дайын тағамдардың жанында сақтамаңыз.
- Қауіпсіз суды пайдаланыңыз. Қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішіңіз.
Жаз мезгілінде ерекше сақ болыңыз
Ыстық ауа райында микроорганизмдер өте жылдам көбейеді. Сондықтан:
- рұқсат етілмеген сауда орындарынан азық-түлік сатып алмаңыз;
- тоңазытқышсыз ұзақ уақыт сақталған майонез қосылған тағамдарды, сүт өнімдерін және кремді кондитерлік өнімдерді тұтынбаңыз;
- демалысқа немесе табиғатқа шыққанда азық-түлікті термосөмкеде (салқындатқыш сөмкеде) сақтаңыз.
Егер тағамнан улану белгілері пайда болса
Сусызданудың алдын алу үшін суды аз-аздан, бірақ жиі ішіңіз. Өздігінен емделмеңіз. Жағдайыңыз нашарлаған немесе айқын белгілер байқалған жағдайда, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Есте сақтаңыз!
Тағамнан уланудың алдын алған оны емдегеннен әлдеқайда оңай. Жеке бас гигиенасын сақтау, азық-түлікті дұрыс сақтау және дайындау, сондай-ақ олардың сапасына мұқият қарау – өзіңіздің және отбасыңыздың денсаулығын сақтаудың басты кепілі.
Өзіңізді күтіңіз және деніңіз сау болсын!