Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Әдеп жөніндегі уәкілінің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Әдеп жөніндегі уәкілінің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы

    Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға жүргізілген мониторинг барысында Департамент пен оның аумақтық бөлімшелерінің мамандарына қатысты оң немесе теріс сипаттағы материалдар анықталған жоқ.

    Департамент тоқсан сайын Департамент және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары қызметкерлерінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарына мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында мемлекеттік қызметшілердің барлық аккаунттары қамтылды. Тексерілген аккаунттардан әдепке жат сипаттағы фотосуреттер мен бейнематериалдар анықталған жоқ.

    Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бұқаралық ақпарат құралдарында, атап айтқанда, «Жалобы Астана», «Что? Где? Когда?» топтарында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлерінің жұмысына қатысты оң немесе теріс пікірлер тіркелмеді.

    Қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактісі бойынша заңды тұлғадан бір өтініш келіп түсті. Өтініште объектіге қатысты уәжді бас тартудың күшін жою мәселесі көтеріліп, маманның өзін тиісті түрде таныстырмағаны және тегін атамағаны көрсетілген. Аталған маманмен түсіндіру әңгімесі жүргізіліп, объектіге барған кезде өзінің толық аты-жөнін айтып таныстыру және қызметтік ID-картасын көрсету қажеттігі ескертілді.

    Барлығы 58 түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Оның ішінде 7 семинар, Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшада 46 жарияланым және 4 тікелей эфир ұйымдастырылды.

   Тікелей эфирлер мынадай тақырыптарда өткізілді:

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам мен мемлекетке төнетін қауіп»;

«Лудомания – қоғамдағы өзекті мәселе»;

«Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы»;

«Мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен қарым-қатынас мәдениеті».

    Әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне арналған бейнеролик орналастырылды.

      Азаматтық қоғам институттарымен бірлескен жұмыс аясында Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Qamgor Astana» қоғамдық қорының лекторларының қатысуымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында діни сауаттылықты қалыптастыру», «Заң және дін», «Әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық шаралар» тақырыптарында семинарлар өткізілді.

    Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің мамандарымен «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

    Сыбайлас жемқорлық және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Департаментке және Астана қаласының аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жаңадан қабылданған мамандар үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№3 мекемесіне» бару ұйымдастырылды. Іс-шараға 25 адам қатысты.

    Департаменттің интернет-ресурстарында және Әдеп жөніндегі уәкілдің жеке парақшасында мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыруға үлес қосып, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын мінсіз сақтап жүрген санитариялық-эпидемиологиялық қызмет маманы туралы жарияланымдар орналастырылды.

     Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметтік жазбасы негізінде мемлекеттік органның оң имиджін қалыптастыруға және ұжымдағы жағымды ахуалды нығайтуға елеулі үлес қосқан қызметкерлерге сыйақы түрінде көтермелеу шаралары қолданылды.

     2026 жылдың бірінші жартыжылдығында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының 17 маманына жеке консультациялық көмек көрсетілді.

     Жұмыстан босату туралы өтініш берген мамандармен олардың жұмыстан шығу себептерін және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды анықтау мақсатында әңгімелесу жүргізілді. Сондай-ақ жаңадан қабылданған мамандармен түсіндіру әңгімелері өткізіліп, олар мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексімен таныстырылды.

    Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды бағалау мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 63 маман қатысты.

Астана қаласы СЭБД
Әдеп жөніндегі уәкілі Г. Тагаева

Дата публикации
16 июля 2026
Дата обновления
16 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
«Правила перевозки опасных грузов»
19 октября 2026
«Салауатты тамақтануды насихаттау»
16 октября 2026
e-SEN: санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің цифрлық мүмкіндіктері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы