Меню

Страницы

Статья

«Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТС 033/2013).

«Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТС 033/2013).

     Сүт және сүт өнімдері халықтың тамақтану рационының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және толыққанды ақуыздардың, майлардың, дәрумендер мен минералды заттардың көзі саналады. Сүт және сүт өнімдері әр адам күнделікті сатып алып, тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімі болып табылады.

    Өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұтынушылардың денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында 033/2013 «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті қолданылады. Бұл регламент өндіруге, таңбалауға, сақтауға және сатуға қойылатын қатаң талаптарды белгілейді.

     Шикізат қышқылдылық, тығыздық, май мен ақуыздың массалық үлесі бойынша белгіленген нормаларға сәйкес болуы және құрамында ветеринариялық әрі бактерияға қарсы препараттардың қалдықтары болмауы тиіс. Өнім құрамында патогенді микроорганизмдердің, улы элементтердің, антибиотиктердің, пестицидтердің және басқа да ластаушы заттардың рұқсат етілген мөлшерден артық болуы жол берілмейді.

    Тұтынушыларға берілетін ақпараттың дұрыстығына ерекше назар аударылады. Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес өндіруші өнімнің атауы, құрамы, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары және өндіруші туралы мәліметтерді қоса алғанда, таңбалауда толық әрі нақты ақпарат көрсетуге міндетті.

    ТР ТС 033/2013 талаптарына сәйкестікті растау үшін келесі бақылау әдістері қолданылады:

    Зертханалық зерттеулер: алынған сүт және сүт өнімдерінің үлгілері қауіпсіздіктің микробиологиялық, санитариялық-химиялық және физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау үшін аккредиттелген зертханаларға жіберіледі;

    Антибиотиктердің болуына зерттеу: мал шаруашылығында қолданылатын бактерияға қарсы препараттардың қалдық мөлшеріне бақылау жүргізіледі, себебі олардың болуы сүт өнімдерінің ластануына әкелуі мүмкін;

    Таңбалауды бақылау: қаптамадағы ақпараттың ЕАЭО техникалық регламенттері талаптарына сәйкестігі, өнімнің құрамы мен қасиеттері туралы көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы тексеріледі;

   Жалған өнімді анықтау: өнім құрамында өсімдік майларының, құрғақ сүттің және басқа да компоненттердің болуына тексеру жүргізіледі, олардың қолданылуы өнім таңбалауында міндетті түрде көрсетілуі тиіс;

    Құжаттаманы тексеру: шикізаттың шығу тегін, өнімнің қауіпсіздігін және кәсіпорындағы өндірістік бақылаудың сақталуын растайтын құжаттарға талдау жүргізіледі.

    Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары бақылау сатып алулары және мемлекеттік бақылау шеңберінде сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізеді.

    Астана қаласы бойынша 2026 жылдың ағымдағы кезеңінде тапсырмалар мен өнім жоспары негізінде ЕАЭО ТР талаптарына сәйкестігіне сүт өнімдерінің 120 үлгісі (14 сынама – отандық өндіріс, 102 сынама – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өндірісі және 4 сынама – басқа елдерден әкелінген өнімдер) ЕАЭО техникалық регламенттері талаптарына сәйкестігіне зерттелді. Зерттелген үлгілердің ішінде 7 сынама физика-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша талаптарға сәйкес келмеді.

    Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі тек өндірушілер мен бақылаушы органдарға ғана емес, тұтынушылардың өздерінің мұқияттылығына да байланысты. Тұтынушыларға көшеде қолдан сатылатын сүт өнімдерін сатып алмау ұсынылады. Сондай-ақ өнім туралы ақпарат анық емес, түсініксіз болса, не болмаса өнім сауда орнында өндіруші көрсеткен сақтау талаптарын сақтамай, тоңазытқыш жабдығынсыз сақталса, ондай өнімді сатып алудан бас тартқан дұрыс. Ауыл шаруашылығы базарларында шикі сүт сатып алған кезде сатушы ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткенін растайтын құжаттарды көрсетуі тиіс. Сонымен қатар мұндай сүтті міндетті түрде қайнатып пайдалану қажет.

     Сіздің денсаулығыңыз - сіздің қолыңызда!

 

 

 

 

 

Дата публикации
19 июня 2026
Дата обновления
19 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
«Правила перевозки опасных грузов»
19 октября 2026
«Салауатты тамақтануды насихаттау»
16 октября 2026
e-SEN: санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің цифрлық мүмкіндіктері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы