Меню

Страницы

Статья

Тұтынушыға арналған «Киім жуу және химиялық тазалау қызметтерін көрсететін ұйымдар туралы нені білу қажет»

Тұтынушыға арналған «Киім жуу және химиялық тазалау қызметтерін көрсететін ұйымдар туралы нені білу қажет»

           Тұтынушылар кір жуу орындары мен химиялық тазалау қызметтерін тек кәсіпорындар мен ұйымдар (ауруханалар, қонақ үйлер және басқа мекемелер) ғана емес, сонымен қатар қарапайым халық та кеңінен пайдаланады. Алайда мұндай нысандарға қойылатын талаптар мен олардың қызметіне байланысты болуы мүмкін қауіптер туралы көпшілік біле бермейді. Неге назар аудару қажет?

Кір жуу орындары мен химиялық тазалау мекемелерін орналастыруға қойылатын талаптар

         Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғау аймақтарын (СҚА) белгілеу жөніндегі санитариялық қағидаларға (№ ҚР ДСМ-2) сәйкес:

  • өнімділігі ауысымына 160 кг-нан асатын химиялық тазалау орындары IV қауіптілік сыныбына жатады, санитариялық-қорғау аймағы кемінде 100 метр;
  • өнімділігі ауысымына 160 кг-ға дейінгі химиялық тазалау орындары және кір жуу орындары V қауіптілік сыныбына жатады, санитариялық-қорғау аймағы кемінде 50 метр.

         Сонымен қатар, тұрғын үй кешендеріне кіріктірілген және өнімділігі ауысымына 75 кг-нан аспайтын химиялық тазалау мен кір жуу орындары үшін санитариялық-қорғау аймағын жобалау талап етілмейді.

Киім жуу және химиялық тазалау қызметтерін көрсететін объектілерді орналастыру және ұстау талаптары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидаларда айқындалған.

         Осы талаптарға сәйкес, мұндай объектілерді орналастыру тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын нашарлатпауға тиіс. Тұрғын және көпфункционалды ғимараттарда орналастырылған жағдайда:

  • қабатаралық жабындар бу, жылу, ылғал және шудың тұрғын үй-жайларға өтуінен қорғауды қамтамасыз етуі тиіс;
  • желдету жүйесі дербес (оқшауланған) болуы және ғимараттың жалпы желдету жүйесіне қосылмауы қажет;
  • шу, діріл және иістерді азайтуға бағытталған құрылымдық және жоспарлау шешімдері қарастырылуы тиіс.

                         Жалпы кір жуу орындарына қойылатын талаптар

       Қызметтің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін келесі талаптар сақталуы қажет:

  • технологиялық үдеріс таза және лас кірдің араласып кетуін болдырмайтын ағымдылық принципі бойынша ұйымдастырылады;
  • жуу және кептіру бөлмелерінің терезелері тұрғын немесе қоғамдық үй-жайлардың астында орналасқан жағдайда ашылмайтын (глухой) болуы тиіс;
  • аурухана кірін жуған кезде басқа кірмен араласуына жол бермейтін жеке технологиялық желі бөлінеді;
  • лас және таза кірді тасымалдауға арналған ыдыстар мен арбалар таңбаланып, тек өз мақсаты бойынша қолданылады;
  • таза кір тұтынушыға тек қапталған түрде беріледі және тасымалданады.

Денсаулық сақтау ұйымдарының кір жуу орындарына

қойылатын талаптар

          Медициналық ұйымдардың кір жуу орындарында қосымша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталады:

  • таза және лас кірді сақтау бөлмелерінде стационар бөлімшелері бойынша жеке сөрелер бөлінеді;
  • әр ауысымнан кейін сөрелер мен жабдықтардың беттері дезинфекцияланады;
  • инфекцияланған кірді қабылдау бөлмелері басқа өндірістік аймақтардан оқшауланады;
  • инфекцияланған кір жууға дейін және жуу барысында залалсыздандырылады;
  • қабылдау, сұрыптау және жуу бөлмелері жеке желдету жүйесімен жабдықталады;
  • сарқынды сулар тазартылады және залалсыздандырылады.

               Химиялық тазалау орындарына қойылатын талаптар

        Қауіпсіз қызмет көрсету үшін химиялық тазалау орындарына мынадай талаптар қойылады:

  • химиялық заттар қолданылатын жұмыс орындары жергілікті сорғыш желдеткішпен жабдықталуы тиіс;
  • ауа айналымын қайта пайдалану (рециркуляция) рұқсат етілмейді;
  • жабдықтан шыққан сарқынды сулар жабық жүйе арқылы шығарылады;
  • сарқынды суларды өндірістік үй-жай еденіне ағызуға және ашық арықтар арқылы жіберуге тыйым салынады;
  • құрғақ химиялық тазалау кезінде барлық операциялар үздіксіз тұйық циклде орындалуы тиіс;
  • тек сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар реагенттер мен химиялық заттар ғана қолданылады;
  • жабдыққа қызмет көрсету, еріткіштерді құю және мөлшерлеу, фильтрлерді тазалау жеке қорғаныш құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады;
  • химиялық реагенттер арнайы желдетілетін, қышқыл мен сілтіге төзімді едені бар, сөрелермен және поддондармен жабдықталған қоймаларда сақталады.

      Санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қызмет сапасын арттыруға және тұрғын аймақтарда қолайлы өмір сүру жағдайларын қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Дата публикации
19 июня 2026
Дата обновления
19 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
«Правила перевозки опасных грузов»
19 октября 2026
«Салауатты тамақтануды насихаттау»
16 октября 2026
e-SEN: санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің цифрлық мүмкіндіктері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы