Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық дәретханаларға қойылатын талаптар

Қоғамдық дәретханаларға қойылатын талаптар

       Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық дәретханалар қалаларда, ауылдық елді мекендерде, курорттық аймақтарда және автомобиль жолдарының бойында қарастырылуы тиіс. Қоғамдық дәретханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар № 67 Санитариялық қағидалармен айқындалған.

       Олар жеке тұрған нысан ретінде де, тұрғын үйлерден басқа қоғамдық ғимараттарға кіріктірілген немесе жапсарлас салынған түрде де орналастырылуы мүмкін.

         Қоғамдық дәретханалар вокзалдарда, әуежайларда, сауда орталықтарында, базарларда, жәрмеңкелерде, көрмелерде, құрылыс алаңдарында, зираттарда, жанармай құю бекеттерінде, жаппай демалыс орындарында және түрлі іс-шаралар өткізілетін жерлерде қолжетімді болуы қажет.

        Олардың саны мен орналасуына қатысты мынадай нормативтік талаптар белгіленген:

  • жағажайларда — әрбір 75 келушіге бір орыннан, шомылу аймағынан 50-ден 200 метрге дейінгі қашықтықта орналасуы тиіс;
  • базарларда — әрбір 50 сауда орнына кемінде бір орыннан;
  • саябақтарда — әрбір 500 келушіге бір орыннан және жаппай демалыс орындарынан кемінде 50 метр қашықтықта орналасуы тиіс.

       Дәретханаларда түсінікті бағыттаушы белгілер болуы, олардың техникалық жағдайы жарамды күйде сақталуы, еден жабыны қауіпсіз әрі тайғанамайтын болуы, сондай-ақ тұрақты түрде қызмет көрсетіліп, жөндеу жұмыстары жүргізілуі қажет. Қоғамдық ғимараттарда орналасқан дәретханалар міндетті түрде жеке сорып-шығаратын желдету жүйесімен жабдықталуы тиіс.

       Дәретхана құрамында жабылатын есіктері бар кабиналар, қол жуғыштар, ал ерлер бөлімінде писсуарлар болуы қажет. Сондай-ақ тазалау құралдарын, жуу және дезинфекциялау заттарын сақтауға арналған бөлмелер қарастырылуы тиіс.

       Дәретханалар сабынмен, дәретхана қағазымен, қағаз немесе электрлі қол кептіргіштермен, қоқыс жәшіктерімен және сырт киім ілуге арналған ілгектермен қамтамасыз етілуі керек. Тазалау жұмыстары күн сайын және қажет болған жағдайда жүргізіледі.

       Орталықтандырылған кәріз жүйесі жоқ елді мекендерде дәретханалар су өткізбейтін әжет шұңқырларымен жабдықталады. Әжет шұңқырлары мен септиктер уақытылы тазартылып, кемінде он күнде бір рет дезинфекциялануы тиіс. Жылжымалы дәретханаларға қызмет көрсету үшін арнайы реагенттер мен қалдықтарды шығаруға арналған мамандандырылған көлік пайдаланылады.

         ✅ Осы талаптарды сақтау елді мекендердің тазалығын қамтамасыз етуге, тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

Дата публикации
19 июня 2026
Дата обновления
19 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
«Правила перевозки опасных грузов»
19 октября 2026
«Салауатты тамақтануды насихаттау»
16 октября 2026
e-SEN: санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің цифрлық мүмкіндіктері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы