Меню

Страницы

Статья

Көкжөтелдің алдын алу: вакцинация – сенімді қорғаныс.

Көкжөтелдің алдын алу: вакцинация – сенімді қорғаныс

      2026 жылдың басынан бері Астана қаласында көкжөтелдің 11 жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 0,7 құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 6,16 есеге төмендеді (2025 жылы – 65 жағдай, көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 14,03).

       Сонымен қатар, Астана қаласындағы көкжөтел бойынша сырқаттанушылық деңгейі республикалық көрсеткіштен 1,35 есе жоғары. Осыған байланысты елорда Қазақстан Республикасы бойынша көкжөтелмен сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлердің қатарына жатады.

       Тіркелген жағдайларды талдау нәтижесінде көкжөтелмен ауырған балалардың барлығының осы инфекцияға қарсы вакцина алмағаны анықталды. Олардың 82%-ы ата-аналарының профилактикалық екпеден бас тартуына байланысты вакцинациядан өтпеген, 9%-ында медициналық қарсы көрсетілімдер болған, ал тағы 9%-ы екпе алуға тиісті жасқа жетпеген.

        Көкжөтел – жөтелгенде, түшкіргенде және науқас адаммен тығыз қарым-қатынаста болған кезде ауа-тамшылы жол арқылы берілетін тыныс алу жолдарының жедел жұқпалы ауруы. Бұл инфекция әсіресе ерте жастағы балалар, оның ішінде бір жасқа дейінгі нәрестелер үшін аса қауіпті.

       Кішкентай балаларда ауру ауыр түрде өтіп, тұншығу ұстамаларымен, тыныстың уақытша тоқтауымен, өкпенің қабынуымен, құрысулармен және жүйке жүйесінің зақымдануымен қатар жүруі мүмкін. Аурудың ауыр жағдайларында көкжөтел күрделі асқынуларға, мүгедектікке және тіпті өлімге әкелуі ықтимал.

        Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті көкжөтелден қорғанудың ең тиімді жолы – уақтылы вакцинация екенін еске салады. Профилактикалық екпелер аурудың алдын алуға, инфекцияның ауыр түрлерінің даму қаупін төмендетуге және қоғамның ең осал тобы – балаларды қорғауға мүмкіндік береді.

 

Дата публикации
16 июня 2026
Дата обновления
16 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
«Правила перевозки опасных грузов»
19 октября 2026
«Салауатты тамақтануды насихаттау»
16 октября 2026
e-SEN: санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің цифрлық мүмкіндіктері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы