Меню

Страницы

Статья

Өнімнің қауіпсіздігі Департаменттің бақылауында

 

         Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау комитетінің өңірлердегі департаменттері, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің және гигиеналық нормативтердің талаптары сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін өнімді іріктеу (сатып алу) арқылы тамақ және тамақ емес өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу бойынша жұмысты жалғастыруда.

  Халықтың тұтынушылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес - мониторинг нәтижелері бойынша сәйкес келмейтін сынамалардың  зерттеу нәтижелері тұтынушыларды олардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін тауарлар туралы хабардар ету үшін Комитеттің сайтында орналастырылған сәйкес келмейтін өнімдер тізіліміне reestr-np.kz/rus/kaz енгізіледі.

  Тізілім деректері бойынша «Wipon» мобильдік қосымшасында тұтынушылар үшін өңірлер департаменттері, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы жүргізген өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу нәтижелері туралы ақпарат процесі автоматтандырылған түрде көрсетілген.

    Өнімнің штрих-кодын сканерлеп, тұтынушы осы қосымшаны пайдалана отырып, жалған және сапасыз тауарлар (өнімдер), анықталған орны, өндіруші туралы және т.б. (сәйкес келмейтін өнімдер тізілімінің деректері бойынша) ақпарат ала алады.

     Осыған байланысты, Департамент тұтынушыларды «Wipon» мобильді қосымшасын белсенді пайдалануға және өнімді таңдау кезінде аса мұқият болуға шақырады!

    Сондай-ақ өнімнің сыртқы түрі немесе таңбалануы бойынша сәйкессіздігі, сауда желілерінде тасымалдау немесе сақтау шарттарының бұзылуы анықталған жағдайда, өнімнің сәйкестігін растайтын құжаттар (сіздің өтінішіңіз бойынша) болмаған жағдайда, Сізге белгіленген тәртіппен тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылаудың аумақтық органдарын хабардар ету қажет.

 

                       Сіздің денсаулығыңыз - сіздің қолыңызда!

 

ҚР ДСМ ТКҚСҚБК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті  (Достық көшесі, 13/3 үй, байланыс тел. 57-60-56; 57-60-59;  эл / адрес: astana.dooz@mz.gov.kz )

Дата публикации
14 октября 2020
Дата обновления
14 октября 2020
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
«Правила перевозки опасных грузов»
19 октября 2026
«Салауатты тамақтануды насихаттау»
16 октября 2026
e-SEN: санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің цифрлық мүмкіндіктері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы