Құрметті Астана қаласының тұрғындары!
Әлемде қауіпті жұқпалы ауру — Эбола вирусының жағдайлары әлі де тіркелуде. Ауру көбінесе Орталық және Батыс Африка елдерінде кездеседі, алайда халықаралық әуе қатынастары жағдайында инфекцияның басқа елдерге таралу қаупі барлық мемлекеттерде сақталады.
Осыған байланысты Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарға сақтық шараларын сақтау, ауру туралы хабардар болу және өз денсаулығына мұқият қарау қажеттігін ескертеді.
Эбола вирусы туралы не білу керек?
Эбола — өлім-жітім деңгейі жоғары ауыр вирустық ауру. Ауру кенеттен басталып, тез өршуі мүмкін. Инфекция көзі — ауру жұқтырған адамдар немесе жануарлар.
Вирус келесі жолдармен беріледі:
• науқас адамның қаны және басқа биологиялық сұйықтықтарымен байланыс кезінде;
• ластанған заттар арқылы;
• қорғаныш құралдарынсыз науқасқа күтім жасау барысында.
Вирус тұмау сияқты ауа-тамшы жолымен берілмейтінін, алайда науқаспен тығыз байланыс кезінде өте қауіпті екенін есте сақтау маңызды.
Негізгі белгілері:
• дене қызуының жоғарылауы;
• қатты әлсіздік;
• бас ауруы;
• бұлшықет пен буындардың ауыруы;
• тамақтың ауыруы;
• жүрек айну, құсу, іш өту;
• терідегі бөртпе;
• ауыр жағдайларда — қан кету.
Ауру белгілері жұқтырғаннан кейін 2–21 күн аралығында пайда болуы мүмкін.
Қолайсыз елдерге сапар кезінде сақтық шаралары:
• қолды сабынмен жиі жуыңыз немесе антисептик қолданыңыз;
• басқа адамдардың қаны және биологиялық сұйықтықтарымен байланыстан аулақ болыңыз;
• қажеттілік болмаса, медициналық мекемелерге бармаңыз;
• жабайы жануарлармен байланыстан сақтаныңыз;
• тек қауіпсіз су мен тағам өнімдерін тұтыныңыз;
• шетелден оралғаннан кейін денсаулық жағдайын мұқият бақылаңыз;
• ауру белгілері пайда болған жағдайда дереу дәрігерге қаралып, сапар туралы міндетті түрде хабарлаңыз.
Құрметті тұрғындар!
Сабыр сақтауларыңызды, алдын алу шараларын ұстануларыңызды және тек мемлекеттік органдар мен медициналық қызметтердің ресми ақпаратына сенулеріңізді сұраймыз.
Өз денсаулықтарыңызды және жақындарыңыздың денсаулығын қорғаңыздар!