В вирустық гепатиті. Алдын алу шаралары
В вирустық гепатиті — қан және басқа да биологиялық сұйықтықтар арқылы берілетін бауырдың жұқпалы ауруы. Ауру созылмалы түрге ауысып, бауыр циррозы мен обырына алып келуі мүмкін.
Инфекция көзі – науқас адам немесе вирус тасымалдаушысы. Ауру белгілері байқалмайтын адамдар да айналасындағыларға қауіп төндіреді.
Вирус қан және адамның басқа биологиялық сұйықтықтары арқылы беріледі.
Инфекцияның негізгі берілу жолдары:
В гепатиті вирусы сыртқы ортада өте төзімді және ұзақ уақыт бойы жұқпалы қасиетін сақтай алады.
Инкубациялық кезең 1 айдан 6 айға дейін созылуы мүмкін. Ауру келесі белгілермен қатар жүруі мүмкін:
Алдын алудың негізгі шарасы – вакцинация. Қазақстан Республикасында В гепатитіне қарсы профилактикалық егулер Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген және балаларға өмірінің алғашқы күндерінен бастап жүргізіледі.
Жұқтырудың алдын алу үшін:
Еске саламыз, уақтылы вакцинация алу және алдын алу шараларын сақтау денсаулықты қорғауға және В вирусты гепатитінің таралуының алдын алуға көмектеседі.