Үй ошақтарында инфекциялық ауру тіркелген кезде дезинфекциялық өңдеу жүргізу
Инфекциялық ауру пәтерде немесе үйде анықталған жағдайда, кейбір тұрғындар дезинфекциялық өңдеу жүргізуге сақтықпен қарайды. Кейбіреулер жағымсыз иістен, жиһаздың бүлінуінен қорқады немесе жай ғана үйді қарапайым тазалау жеткілікті деп ойлайды. Алайда маңыздысы – дезинфекция бұл жай ғана рәсім емес, ол отбасының, балалардың, жақындардың және айналадағы адамдардың денсаулығын қорғауға бағытталған қажетті шара.
Инфекциялық аурулар тек науқас адаммен тікелей байланыс арқылы ғана емес, сонымен қатар тұрмыстық заттар, есік тұтқалары, ыдыстар, сүлгілер, төсек-орын, жиһаз және бөлме ауасы арқылы да жұғуы мүмкін. Науқас ауруханаға жатқызылғаннан кейін де қоздырғыштар біраз уақыт қоршаған ортада сақталуы ықтимал.
Сондықтан инфекциялық ауру тіркелген кезде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары ошақтық дезинфекция жүргізеді — бұл арнайы рұқсат етілген дезинфекциялық құралдармен үй-жайды өңдеу арқылы бактериялар мен вирустарды жою шарасы.
Неліктен дезинфекциядан бас тартпау маңызды?
Ең алдымен – бұл отбасы мүшелерінің қауіпсіздігі. Әсіресе балалар, қарт адамдар, жүкті әйелдер және созылмалы аурулары бар азаматтар аса осал топқа жатады. Уақытылы өңдеу инфекцияның отбасы ішінде және айналаға таралуының алдын алады.
Сонымен қатар, кейбір инфекциялар заттардың бетінде ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Кәдімгі ылғалды тазалау барлық қауіпті микроорганизмдерді жоя бермейді. Кәсіби дезинфекция санитариялық талаптарға сай және тиімділігі дәлелденген құралдармен жүргізіледі.
Білу маңызды:
Дезинфекция қалай жүргізіледі?
Мамандар науқас адам пайдаланған және жанасқан беттерді өңдейді:
Тұрғындарға бөлмені желдету, киім-кешекті жуу, ыдыстарды өңдеу және жеке гигиенаны сақтау бойынша нұсқаулар берілуі мүмкін.
Есте сақтаңыз: дезинфекциялық өңдеуден бас тарту айналадағы адамдардың жұқтыру қаупін арттырады және инфекцияның одан әрі таралуына себеп болуы мүмкін.
Отбасы денсаулығын сақтау тек науқасты емдеуге ғана емес, сонымен қатар алдын алу шараларын уақытында жүргізуге де байланысты.
Құрметті тұрғындар!
Дезинфекциялық өңдеу – халықтың денсаулығын қорғауға және инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған маңызды қауіпсіздік шарасы.