Меню

Страницы

Статья

Ет пен балықты таңдағанда қандай белгілерге назар аудару қажет.

Ет пен балықты таңдағанда қандай белгілерге назар аудару қажет. 

Сапалы ет пен балықты таңдай білу - дұрыс тамақтанудың маңызды бөлігі. Бұл өнімдердің балғындығы мен сақтау шарттары тек тағамның дәміне ғана емес, сонымен қатар денсаулық қауіпсіздігіне де тікелей әсер етеді. Ет пен балықты таңдау тек сыртқы көрініске ғана емес, сондай-ақ Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 021/2011 ТР және 034/2013 ТР «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», сондай-ақ КО 040/2016 ТР «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттерінде белгіленген қауіпсіздік талаптарына да негізделуі тиіс. Бұл құжаттар өнімдердің сапасына, сақталуына және сатылуына қойылатын міндетті талаптарды белгілейді.

Кеден одағының 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ТР құжатына сәйкес, тағам өнімдері өндірістен бастап сатуға дейінгі барлық кезеңдерде қауіпсіз болуы тиіс. Сатып алу кезінде келесі жайттарға назар аудару қажет:

  • таңбалаудың болуы (өнім атауы, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары);
  • өндіруші туралы ақпарат;
  • қаптаманың бүтіндігі;
  • сақтау температурасының режимдерінің сақталуы. Бұл мәліметтердің болмауы немесе сәйкес келмеуі - өнімді сатып алудан бас тартуға себеп.

КО «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 034/2013 ТР талаптарына сәйкес, ет өнімдерінің сапасы келесі белгілерге сай болуы керек:

Балғындығы мен сыртқы көрінісі: Ең алдымен еттің түсіне назар аудару қажет. Еттің түсі табиғи және біркелкі болуы тиіс. Белгілі бір ет түріне тән, сұр немесе жасыл реңксіз болуы керек. Тым қара немесе керісінше тым бозғылт түс өнімнің балғын еместігін көрсетуі мүмкін;

Иісі: балғын етке тән, қышқыл немесе шірік иіссіз болуы тиіс;

Консистенциясы: ет серпімді болуы керек және саусақпен басқанда беті тез қалпына келуі тиіс. Егер із қалып қойса немесе ет жабысқақ болса - бұл бұзылу белгілерін білдіреді;

Майы: ақ немесе крем түсті, артық иіссіз болуы керек.

«Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО 040/2016 ТР талаптарына сәйкес, балық және балық өнімдері келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  • Балықты таңдағанда ең алдымен оның көзіне назар аудару қажет. Жаңа балықтың көзі мөлдір, томпайған және жылтыр болады. Көмескі және ішке кіріңкі көздері – балықтың балғын еместігінің айқын белгісі;
  • Желбезектері ашық қызыл немесе қызғылт әрі ылғалды болуы керек. Егер олар қарайып кеткен болса немесе жағымсыз иісі болса, мұндай балықты сатып алудан бас тартқан жөн керек;
  • Балғын балықтың қабыршағы денесіне тығыз жабысып, жылтырап тұрады. Терісі ылғалды, жағымсыз иісі бар шырышсыз болуы тиіс;
  • Балық еті серпімді болуы керек және қолмен басқанда тез қалпына келеді. Ал егер із қалса, бұл балғындығының төмендегенін көрсетеді;
  • Иісі де маңызды көрсеткіш. Балғын балықтың иісі теңіз немесе өзен иісіндей болады. Қатты жағымсыз иіс - бұзылу процесінің басталғанын білдіреді.

Ет пен балық сатып алғанда сақтау шарттарына ерекше назар аудару қажет. Өнімдер тиісті температурада қатаң түрде тоңазытқыш витриналарда сақталуы тиіс. Қаптамалары таза, герметикалық және артық сұйықтықсыз болуы керек. Сондай-ақ өнімдерді сатып аларда санитарлық талаптар сақталатын сенімді сатушылар мен дүкендерді таңдаған жөн.

Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарын сақтау - тағам қауіпсіздігінің негізі. Сатып алушы үшін ет пен балықтың сыртқы көрінісін бағалап қана қоймай, таңбалануын, сақтау шарттарын және өнімнің белгіленген нормаларға сәйкестігін тексеру маңызды. Бұл сапасыз немесе қауіпті өнімді сатып алу қаупін азайтып, тамақтану қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

 

Дата публикации
29 апреля 2026
Дата обновления
29 апреля 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
«Правила перевозки опасных грузов»
19 октября 2026
«Салауатты тамақтануды насихаттау»
16 октября 2026
e-SEN: санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің цифрлық мүмкіндіктері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы