Маусымдық көкөністер, жемістер мен жидектер.
Маусымдық көкөністер, жемістер мен жидектер халықтың тамақтану рационында және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің агроөнеркәсіптік кешенінде маңызды орын алады. Оларды өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу өнім қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұтынушыларды қорғауға бағытталған Кеден одағының бірқатар техникалық регламенттерімен (КО ТР) реттеледі. Негізгі нормативтік құжаттар қатарына Кеден одағының 021/2011 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ТР жатады.
Кеден одағының техникалық регламенттері тағам өнімдеріне, оның ішінде балғын және қайта өңделген көкөністерге, жемістер мен жидектерге қойылатын міндетті талаптарды белгілейді. Олардың негізгі мақсаты – адам өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ тұтынушыларды жаңылыстырудың алдын алу.
Маусымдық көкөністер, жемістер мен жидектер келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс, атап айтқанда өнім сапалы болуы – балғын және толықтай пісіп-жетілген, тұтынуға жарамды болуы тиіс.
Қайта өңделген өнімдерге (мысалы, шырындарға) қатысты олардың адам өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеуі және белгіленген қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкес болуы талап етіледі.
Маусымдық өнімдерді өсіру, жинау, сақтау және тасымалдау үдерістері олардың сапасы мен қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуі тиіс. Өндірушілер: санитарлық нормалар мен ережелерді сақтауға, рұқсат етілген технологиялар мен қоспаларды қолдануға, өнімнің қадағалануын қамтамасыз етуге, қауіпсіз орау және тасымалдау әдістерін пайдалануға міндетті. Мысалы, өнімді тасымалдау оның ластануын және бүлінуін болдырмайтын жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс.
Өнімдер маусымыдылығы оның сапасы мен қауіпсіздігіне әсер етеді. Техникалық құжаттарда өндіріс пен жеткізу кезеңдері (мысалы, көкөністерді жыл мезгілдері бойынша жіктеу) ескеріледі, бұл: өнім сапасын әртүрлі маусымдарда бақылауға, импорт пен экспортты реттеуге, тұтынушыларды жаңа өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Маусымдық көкөністер, жемістер мен жидектерге қатысты Кеден одағының техникалық регламенттерін сақтау ЕАЭО нарығында оларды айналымға енгізудің міндетті шарты болып табылады. Бұл талаптар өнім қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оның сапасын арттыруға және тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған. Өндірістен бастап сатуға дейінгі барлық кезеңдерде бақылау жүргізу тәуекелдерді азайтып, өнімнің белгіленген стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Осылайша, техникалық реттеу маусымдық ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіз әрі ашық нарығын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.