Су тасқыны және ауыз су қауіпсіздігі!
Су деңгейінің тез көтерілуі және су тасқыны кезінде аумақтың су басуы халық үшін үлкен қауіп төндіреді. Әсіресе орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылмаған және ауыз су ретінде құдықтар мен ұңғымалардың суын пайдаланатын жеке сектор тұрғындары осал топқа жатады.
Су тасқыны кезінде еріген қар және жауын-шашын сулары сумен жабдықтау көздерін ластауы мүмкін. Құдықтар мен ұңғымаларға әжетханалардан, шаруашылық аулаларынан және қоқыс шұңқырларынан лас сулар түсіп, ауыз судың сапасы төмендейді.
Бұл су арқылы таралатын жұқпалы аурулардың, атап айтқанда ішек инфекциялары мен вирустық аурулардың (А гепатиті, дизентерия, тырысқақ және т.б.) таралуына әкелуі мүмкін.
Су тасқыны кезеңінде санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын болдырмау мақсатында тұрғындарға келесі алдын алу шараларын сақтауы қажет:
📢 ауланы қар мен қоқыстан уақтылы тазалау;
📢 қоқыс (лас) шұңқырларын және ауладағы дәретханаларды тазалап, дезинфекциялау;
📢 шаруашылық құрылыстар мен жертөлелердің су басуына жол бермеу;
📢 жақын орналасқан арықтар мен жылғаларды қоқыс пен мұздан тазалау;
📢 құдықтарды қақпақпен жабдықтап, олардың жарамды күйде болуын қамтамасыз ету;
📢 су беру тоқтаған жағдайда жеткілікті мөлшерде ауыз су қорын алдын ала дайындау;
📢 жеке бас гигиенасын сақтау, тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;
📢 су тасқыны суымен жанасқан тағам өнімдерін пайдаланбау;
📢 сапасы күмәнді суды тексерусіз пайдаланбау;
📢 құдық ластанған жағдайда суды сорып шығарып, тазарту жұмыстарын жүргізу.
Жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау су тасқыны кезеңінде міндетті шарт болып табылады.