Меню

Страницы

Статья

Құтыру ауруы неліктен қауіпті?

 

ҚҰТЫРУ – вирустан туындаған жүйке жүйесінің жіті жұқпалы ауруы. Жануарлар арасында құтыру ошақтары бар жерде,  адамдарға қауіп төнеді.

 

Құтыру адамнан адамға жұқпайды, ауру жануарлар адамға және бір-біріне жұқтырады. Қаңғыбас иттер, қараусыз қалған мысықтар, ауру кезінде адамдардан қорықпай елді мекендерге кіретін жабайы жануарлардан - түлкілер, қасқырлар ерекше қауіпті.

 

Жануарлар ауруының сипатты белгісі – мінез-құлқының өзгеруі: ашулы жануар мейірімді болады; мейірімді жануар - ашулы, ал жабайы жануар адаммен байланыста болғысы келеді.

 

Ауру адамға жануарлар тістегенде, тырнағанда, және құтырған жануардың сілекейімен ластанған кез келген затпен немесе киіммен жанасқанда жұғады.

 

Адамдар мен жануарлардың құтыруының алдын алу:

  • Үй жануарларын ұстау ережелерін сақтаңыз: итті арнайы бөлінген жерлерде серуендетіңіз, оны қысқа баумен ұстаңыз және тұмылдырық киіңіз;
  • Үй жануарларыңызды (мысықтар мен иттер) құтыруға қарсы уақытында егіңіз.
  • Үй жануарларын жабайы жануарлармен қатынастырмаңыз. 
  • Мінезі мен сыртқы түрі сізге жат болып көрінген жануарлардан сақ болыңыз.
  • Жануардың мінез-құлқы әдеттен тыс болса, оны басқалардан оқшаулап, ветеринарға көрсетіңіз.
  • Адамды тістеген немесе тырнап алған үй жануарды өлтірмеңіз, ол жануарды 10 күн бойы қадағалау керек. 
  • Жабайы жануарлармен қатынста болмаңыз.
  • Жануарлардың өлекселері табылса, оларға тиіспеңіз, терісін тазаламаңыз, бірақ дереу ветеринарлық қызметке хабарлаңыз.

Жануармен байланысқаннан кейін, тіпті сау көрінетін болса да, жараны емдеңіз: оны сабынмен ағынды сумен жуыңыз, жараның шеттерін йод тұнбаларымен өңдеңіз және дереу медициналық көмекке жүгініңіз.

 

Құтыру ауруы – емделмейтін дерт!

Адамды өлімнен құтқарудың жалғыз жолы - құтыруға қарсы егулерді уақтылы жүргізу.

Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
 департаментінің аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді бақылау бөлімі

 

 

 

Дата публикации
13 апреля 2026
Дата обновления
13 апреля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
«Правила перевозки опасных грузов»
19 октября 2026
«Салауатты тамақтануды насихаттау»
16 октября 2026
e-SEN: санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің цифрлық мүмкіндіктері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы