Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен оның аумақтық бөлімшелері қызметінің басым бағыттарының бірі сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 19-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы рұқсат беру құжаттарының бірі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болып табылады.
Санитариялық - эпидемиологиялық қорытынды - бұл жай ғана ресми құжат емес, объектінің немесе қызмет түрінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келетіндігін және азаматтардың денсаулығына қауіп төндірмейтіндігін растайтын құжат.
Өз кезегінде Департамент қаланың білім беру мекемелерін бақылауға айрықша назар аударады.
"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығының 3 тармағының 13 тармақшасына сәйкес білім беру объектілері эпидемиялық маңызы жоғары объектілерге жатады.
Білім беру объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі – СЭҚ) беру тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – Қағидалар) СЭҚ беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларымен реттеледі.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі Қағиданың 1 қосымшасының 8 тармағында көрсетілген.
Білім беру обьектілеріне СЭҚ алуға өтініш беру үшін қажетті құжаттарға мыналар жатады:
- Қағиданың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
- Қағиданың 8 қосымшасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулерге сәйкес аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер хаттамаларының электрондық көшірмесі.
Бұдан басқа, Қағидалардың 8 қосымшаның 2 тармақтарына сәйкес білім беру объектілері үшін СЭҚ алған кезде бактериологиялық және санитариялық-химиялық, паразитологиялық көрсеткіштерге суды ( бассейн болған кезде), микроклиматты (температура, салыстырмалы ылғалдылық), жарықтандыруды, электромагниттік және электростатикалық өрісті өлшеуге зертханалық зерттеулер жүргізу талап етіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету - Департаменттің халық алдындағы тікелей жауапкершілігі.
Біздің мақсатымыз - қызметтерді алу процесін ашық, қолжетімді ету және қаланың әрбір тұрғынының қауіпсіздігіне кепілдік беру.