Меню

Страницы

Статья

Тұзды тұтынуды азайту- денсаулықты сақтаудың маңызды қадамы

Тұз – көптеген адамдардың күнделікті рационының ажырамас бөлігі. Ол тағамның дәмін арттыру және өнімдерді сақтау мақсатында кеңінен қолданылады. Алайда тұзды шамадан тыс тұтыну жұқпалы емес аурулардың негізгі қауіп факторларының бірі болып табылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) ұсынымдарына сәйкес, ересек адам үшін тұзды қауіпсіз тұтыну мөлшері тәулігіне 5 грамнан аспауы тиіс (шамамен бір шай қасық). Балалар үшін ұсынылатын норма жас ерекшелігіне байланысты төмен болады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында тұзды тұтынудың орташа деңгейі тәулігіне 15–18 грамды құрайды, бұл ұсынылған мөлшерден 3–3,5 есе жоғары.

Натрийдің артық түсуі ағзада сұйықтықтың жиналуына, артериялық қан қысымының жоғарылауына әкеледі және мерзімінен бұрын өлім қаупін арттырады. Сондай-ақ тұзды шамадан тыс тұтыну инсульт, жүректің ауруы, бүйрек аурулары, остеопороз және асқазан обырының даму қаупімен байланысты.

Тұздың 75–80 %-ы ас тұзын қосу арқылы емес, дайын және өңделген өнімдердің құрамында ағзаға түседі. Негізгі «жасырын» тұз көздеріне шұжық өнімдері, жартылай фабрикаттар, консервілер, ірімшіктер, нан және нан-тоқаш өнімдері, дайын тұздықтар, дәмдеуіштер мен тұзды тіскебасарлар жатады.

Тұзды тұтынуды азайту түбегейлі өзгерістерді талап етпейді. Рациондағы тұз мөлшері азайтылғаннан кейін 2–3 апта ішінде тағамның дәмі жаңа деңгейге бейімделеді.

Тұз тұтынуды азайту үшін:
• өңделген және дайын өнімдерді шектеу;
• тағамды тұз қоспас бұрын дәмін татып көру;
• тұздың орнына дәмдеуіштерді, хош иісті шөптерді, сарымсақты, пиязды және лимон шырынын қолдану;
• өнім қаптамасындағы тұз немесе натрий мөлшеріне назар аудару ұсынылады.

Рационалды тамақтану мәдениетін қалыптастыру және тұзды тұтынуға саналы көзқарас — халық денсаулығын нығайтудың, өмір сапасын арттырудың маңызды негізі.
Тұзды тұтынуды азайту — денсаулықты сақтаудағы ең қарапайым әрі тиімді шешімдердің бірі. 

Дата публикации
30 января 2026
Дата обновления
30 января 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
«Правила перевозки опасных грузов»
19 октября 2026
«Салауатты тамақтануды насихаттау»
16 октября 2026
e-SEN: санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің цифрлық мүмкіндіктері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы