Меню

Страницы

Статья

Қызылшаның таралуын вакцинация тоқтатады: Елорданың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері тұрғындарға үндеу жасады

Елордада қызылша ауруын жұқтыру жағдайы үдеп барады. Олардың басым бөлігі балалар арасында анықталуда. Қызылшаның алдын алудың жалғыз тиімді жолы – вакцинация. Иммундаудың маңыздылығы туралы Қоғамдық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астананың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айгүл Шағалтаева айтты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, инфекцияның таралуын тоқтату үшін халықтың кемінде 95 пайызы екпе алуы қажет, өйткені дәл осы деңгейде тұрақты ұжымдық иммунитет қалыптасады.
Қазақстанда қызылшаға қарсы вакцинация Ұлттық екпе күнтізбесі аясында жүргізіледі: алғашқы доза 12 айлық кезде, екінші доза 6 жаста салынады. Вакцинаның тиімділігі 95 пайыздан асады, бұл оның жоғары сенімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдейді.
Қазіргі уақытта Астана қаласының емханаларында жоспарлы екпені өткізіп алған балалар мен жасөспірімдерге «қуып жету» вакцинациясы жүргізілуде. Сонымен қатар егілмеген немесе вакцина мәртебесі белгісіз адамдарға науқаспен байланыстан кейін 72 сағат ішінде шұғыл иммундау жасалады. Бұл аурудың дамуын болдырмауға және вирустың таралу тізбегін үзуге мүмкіндік береді.
Балаларды вакцинациялау өмірлік маңызға ие, өйткені ол қауіпті жұқпалы аурулардан қорғайды, иммунитет қалыптастырады және қоғамдағы ұжымдық қорғауды күшейтеді. Вакциналар қауіпсіз әрі тиімді, ауыр асқынулардың алдын алады және қызылша немесе полиомиелит сияқты аурулардың қайта таралуына жол бермейді.
Дәрігерлер егілмеген бала үшін ауру асқынуларының қаупі әлдеқайда жоғары екенін айтады.
Дата публикации
30 января 2026
Дата обновления
30 января 2026
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
«Правила перевозки опасных грузов»
19 октября 2026
«Салауатты тамақтануды насихаттау»
16 октября 2026
e-SEN: санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің цифрлық мүмкіндіктері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы